2025 жылғы 15 қазанда Нұркент қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кеден қызметтері арасында жолдастық спорттық кездесу өтті..
Іс-шара екі елдің кеден әкімшіліктерін көп жылдан бері байланыстырып келе жатқан өзара түсіністік пен әріптестік рухында ұйымдастырылды. Ойынға Қазақстан мен Қытайдың өңірлік кеден бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу достық ахуалда өтіп, ведомствоаралық ынтымақтастықты, өзара құрмет пен командалық рухты нығайтудың символына айналды. Спорттық бөлімнен кейін қатысушылар естелік сыйлықтармен алмасты және екі ел арасындағы кәсіби, мәдени және спорттық бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.
Осындай іс-шаралар өзара сенімді арттыруға, ынтымақтастықтың тиімділігін күшейтуге және Қазақстан мен Қытайдың кеден қызметкерлері арасындағы берік байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді.