Шыңғыс Әлібекұлы Ануарбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1998 жылдан Алматы қаласының салық органдарында бастаған.
Салық инспекторы, бас маман, бөлім және басқарма басшысы, аудандық басқарма басшысының орынбасары, аудандық басқарма басшысы, сондай-ақ Жамбыл, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.