Цифрландыру және рәсімдердің тиімділігін арттыру шеңберінде ЕАЭО елдерімен шекарада «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін енгізу жалғасуда.
Жүйе қазірдің өзінде Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей және Қырғызстан шекараларында табысты жұмыс істеп келеді.
«CarGoRuqsat» тасымалдаушыларға өткізу пунктіне келу күнін алдын ала брондауға мүмкіндік береді, бұл шекарадан өту процесін ыңғайлы және болжамды етеді.
Электрондық кезек жүйесі 18 мемлекеттік ақпараттық жүйемен біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдардың, берешектердің болуы және ілеспе құжаттарды ресімдеу қажеттілігі туралы өзекті мәліметтерді алады.
Бұл ашықтықты, процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді және адам факторының әсерін азайтады.
Іске қосылған сәттен бастап ЕАЭО елдерімен шекарадағы 33 өткізу пунктінде жүйенің қызметтерін 500 мыңнан астам жүк автомашиналары пайдаланды.
ЕАЭО елдерімен шекараның барлық ұзындығында электрондық кезектің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту мақсатында 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жүйеге «Қарасу» автомобиль өткізу пункті қосылатын болады (Жамбыл облысы).
Тасымалдаушылар жүйеге тіркелу үшін «CarGoRuqsat» мобильді қосымшасын пайдалануы немесе https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өтуі қажет, өткізу пунктін таңдап, қиылысу күні мен уақытын көрсету, сондай-ақ жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу қажет.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға шекарадан өту кезінде тоқтап қалуды және күтпеген кідірістерді болдырмау үшін электрондық кезекті алдын ала брондауды ұсынады.
Барлық сұрақтар бойынша 1414, 8-800-080-7777 телефондар арқылы МКК Сall-орталығына хабарласуға болады.