
Қанат Жолтайұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1996 жылы Алматы қалалық салық инспекциясында 1-санатты маман лауазымынан бастаған. Салық инспекторы, бөлім басшысы, аудандық басқарма басшысы, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.