«Тиімді менеджмент»

«Тиімді менеджмент»

       2025 жылғы 1-3 қазан аралығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша коучинг-тренингті күндізгі оқу форматында өткізді.
Тренингке МКД бүкіл басшылық құрамы, аумақтық МКБ басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық қасиеттер, өзгерістерді басқару және кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру.

       Коучинг-тренингті сертификатталған коучтар А.М.Джетибаева, Д.Ш.Кушубаева, Г.А. Смагулова, Ж.М Ислямова. жүргізді.
Оқыту барысында қатысушылар:
- заманауи жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістерімен танысты;
- тиімді коммуникация құралдарын меңгерді;
- мемлекеттік басқарудағы коучинг негіздеріне терең бойлады.

       Жобалық жұмысқа ерекше назар аударылды - қатысушылар «МКО, МКД және МКБ-ның 5 жылдан кейінгі көрінісі», «Қостанай облысында 5 жылда туризмді дамыту» тақырыптарындағы жобаларді сәтті қорғады, олар стратегиялық даму бағыттарын ұсынып, ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі коучингтік тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 64 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы сертификаттарын алды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Оқу-әдістемелік орталық барлық қатысушыларға белсенділік, бастамашылдық және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дайын болғаны үшін алғыс білдіреді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс кадрлық әлеуетті нығайтуға және мемлекеттік кірістер жүйесіне заманауи басқарушылық тәсілдерді енгізуге әрі қарай да үлес қосатын болады.