Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбы бойынша коучинг-тренинг

Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбы бойынша коучинг-тренинг

      2025 жылдың 30 қыркүйектен 2 қазанға дейін
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы аясында аралас форматта коучинг-тренинг өткізді. Іс-шараға МКД басқарма басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен орынбасарлары, МКБ басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

      Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Бағдарлама стратегиялық жоспарлау, басқарушылық қасиеттерді дамыту, қызметкерлерді ынталандыру, көшбасшылық әлеуетті ашу, тиімді коммуникацияны қолдану бағыттарын қамтыды. Күтілетін нәтиже – басқарушылық қызмет сапасын арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу.

      Коучинг-тренинг спикерлері:

  • Абдыкерова С. Ж. – ҚР ҚМ МКК КӘД Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқарма басшысы;
  • Омарова М. Е. – ҚР ҚМ МКК ӘД Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы;
  • Кобекаева И.А. – ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы.

     Тренинг барысында қатысушылар:

  • заманауи жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістерін меңгерді;
  • персоналды ынталандыру тәсілдерін және көшбасшылық әлеуетті дамыту жолдарын үйренді;
  • басқарудағы коммуникациялық дағдыларды және коучинг элементтерін тиімді қолдануға машықтанды;
  • заманауи басқарушылық модельдерді тәжірибеде қолданды және ұжымдағы өзара іс-қимылдың тиімді дағдыларын қалыптастыруды үйренді.

       Тренингтің ерекше бөлігі – «МКД/МКБ/КБ-нің 5 жылдан кейінгі көрінісі» тақырыбында жоба қорғау болды. Қатысушылар өз жобаларында стратегиялық даму бағыттарын айқындап, коучинг тәсілінің ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі маңыздылығын атап өтті.

       Іс-шара соңында қатысушылар қорытынды сауалнама толтырып, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарын алды.