ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

   

        Құрметті салық төлеушілер!

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің жаңа серверлерінде техникалық жұмыстардың аяқталмауына байланысты, 2025 жылғы 2 қазанда жүйенің мерзімді қолжетімсіздігі байқалатынын хабарлайды.

      Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2025 жылғы 2 қазанға ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

     - 2025 жылғы 3 қазаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

     - 2025 жылғы 3 қазаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

      Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.