Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендірудің ағымдағы нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа шаралар туралы қоғамды хабардар етеді.
Қазақстанда шетелдік интернет-платформаларға ҚҚС енгізілген сәттен бастап 116 компания шартты тіркеуден өтті. Бұл шара цифрлық экономиканың әлемдік ірі ойыншыларын салық өрісіне тартуға мүмкіндік берді.
2025 жылы 18 жаңа шетелдік компания тіркелді, бұл салықтық әкімшілендірудің қамту ауқымының өскенін көрсетеді. Олардың қатарында:
Аталған компаниялардың салық төлеушілер тізіміне енуі отандық және шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілер үшін салық салуда тең жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.
Салық енгізілген күннен бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне 111,6 млрд теңге төледі.
Тек 2025 жылдың өзінде түсімдер 41,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (23 млрд теңге) салыстырғанда 18 млрд теңгеге көп.
2025 жылғы ірі салық төлеушілердің қатарына мыналар кірді:
Бұл компаниялар бюджет кірістерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты, бұл цифрлық сектордың ұлттық экономика үшін маңыздылығын айқындайды.
Сондай-ақ Қазақстан бюджетіне салық төлей бастаған жаңа шетелдік интернет-компаниялардың ішінде ерекше атап өтуге болады:
Аталған компаниялардан түскен салық түсімдері трансшекаралық электрондық сауданың барған сайын көбірек қатысушыларын қамтитынын көрсетеді.
Салық тәртібін күшейту және адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шаралар енгізіледі. Атап айтқанда:
Аталған шараларды қабылдау әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға, бизнес жүргізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған.