Халықаралық тасымалдау кезінде уақытша әкелінген автокөлік құралдарын беру кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі», «Автокөлік өткізу пункттерінде уақытша әкелінетін контейнерлерді кедендік ресімдеу

Халықаралық тасымалдау кезінде уақытша әкелінген автокөлік құралдарын беру кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі», «Автокөлік өткізу пункттерінде уақытша әкелінетін контейнерлерді кедендік ресімдеу

       2025 жылғы 24 – 26 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тарифтік реттеу және құн, ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Саудалық емес айналым және ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармаларымен бірлесіп «Халықаралық тасымалдау кезінде уақытша әкелінген автокөлік құралдарын беру кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі», «Автокөлік өткізу пункттерінде уақытша әкелінетін контейнерлерді кедендік ресімдеу» тақырыптарына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – халықаралық тасымалдау кезінде уақытша әкелінген автокөлік құралдарын беру кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін МКО қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру. Сондай-ақ, автокөлік өткізу пункттерінде уақытша әкелінетін контейнерлерді кедендік ресімдеу бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

 - Ербол Рысбаевич Есетов - ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тарифтік реттеу және құн басқармасының бас сарапшысы;

       - Абзал Нургалиевич Жолдасов -  ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Саудалық емес айналым басқармасының сарапшысы қатысты.

       Семинардың қорытындысы бойынша 130 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.