Жаңа салық кодексіне арнаулы салық режимі бойынша түзетулер

Жаңа салық кодексіне арнаулы салық режимі бойынша түзетулер

     Жаңа Салық кодексінде арнаулы салық режимдерін оңтайландыру көзделген.

     Негізгі мақсат – салық жүйесін азаматтар мен бизнес үшін барынша қарапайым, қолайлы және қолжетімді ету.

     Негізгі өзгерістер:

  • қайталануды болдырмау үшін режимдерді қысқарту және біріктіру;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режимді енгізу;
  • шағын және орта бизнес үшін жағдайларды жақсарту;
  • аграрлық секторға арналған режимдерде көзделген қолданыстағы салықтық жеңілдіктерді сақтау.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін

      Азаматтардың кірістерін заңдастыруға және олардың салықтық жүктемесін барынша азайтуға мүмкіндік беретін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР енгізіледі::

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді;
  • табыс салығының мөлшерлемесі – 0%;
  • тек әлеуметтік төлемдер – табыстан 4%;
  • міндеттемелерді мобильді қосымша арқылы ыңғайлы орындау;
  • интернет-платформалар арқылы алынған табыстар бойынша әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды интернет-платформа операторлары жүзеге асырады.

      Шағын және орта бизнес үшін

      Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР жақсартылған шарттармен сақталады:

  • табыс шегінің ең жоғарғы мөлшері 2,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады;
  • қызметкерлер санына шектеу жоқ;
  • бірыңғай салық мөлшерлемесі – 4%, мәслихаттарға 2%-ға азайту/арттыру құқығы беріледі;
  • ҚҚС және әлеуметтік салықтан босатылады;
  • есептілік – жылына екі рет қана.

      Аграрлық сектор үшін

      Бірыңғай жер салығының жойылуына байланысты, АСР-ды қолданған шаруа немесе фермер қожалықтары бұрынғы шарттарда және сол мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын төлейтін болады.

     Жеке салықтар бойынша 70% жеңілдігі бар субъектілер үшін бұл жеңілдіктер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте сақталады.

      Осылайша, жаңа Салық кодексімен режимдерді қолдану кезінде міндеттемелерді орындаудың ашық әрі қарапайым қағидалары құрылды, бизнеске түсетін жүктеме азайтылды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдау тетіктері енгізілді және аграршылар үшін қолданыстағы жеңілдіктер сақталды.