
Криптоиндустрия бүгінгі таңда әлемдік экономиканың ең жылдам өсіп келе жатқан салаларының бірі. Қазақстан цифрлық активтерді реттеудің қазіргі заманғы және ашық жүйесін қалыптастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Негізгі жетістіктер:
Бюджет түсімдерінің өсуі. Соңғы үш жылда мемлекеттік бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы түсіп, соның ішінде 14 млрд теңгеден астамы — цифрлық майнинг үшін төлем болып табылады.
Тиімді әкімшілендіру. Тексерулер мен криптоәмияндарды мониторингтеу нәтижесінде 13 млрд теңгеден астам қосымша салық есептелді.
Ашықтық және жаңа қағидалар:
Цифрлық активтердің құнын айқындау және жариялау қағидалары әзірленіп, бекітілді.
Ресми тізбе кеңейді: егер 2024 жылы тізбе бірнеше ондаған атауды ғана қамтыса, бүгінде 114 түрлі цифрлық актив енгізілген. Бұл кірістер мен салықтарды дұрыс есептеудің негізіне айналды.
Салықтық бақылауды күшейту:
«Цифрлық майнинг үшін төлем» 880.00 - нысан жаңартылды, ол әртүрлі санаттағы майнерлер арасында электр энергиясын беруді тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл тұтынылған энергияны толық есепке алуды қамтамасыз етіп, төлемдерді төлемеу тәуекелдерін азайтады.
2025 жылғы шілдеден бастап енгізілген жаңа нормалар:
Жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сату кезіндегі пайдаға салық салудың ашық тәртібі бекітілді.
Салық сатып алу және сату бағаларының оң айырмасынан ғана өндіріп алынады.
«Алғаш кірген — алғаш шыққан (FIFO)» халықаралық әдісі қолданылады.
«Бекітілген құнмен қамтамасыз етілмеген цифрлық актив» ұғымы енгізілді.
Мұндай активтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Жасанды интелект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп бекітеді.
Тізімге USDT және USDC қоса алғанда,танымал стейблкоиндер кіреді.
Ел үшін маңызы:
Қабылданған шаралар нарық үшін түсінікті әрі әділ қағидаларды қалыптастырып, адал бизнестің дамуын қолдайды, мемлекеттің мүдделерін қарауды нығайтады және бюджетке тұрақты түсімдерді қамтамасыз етеді.