2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ салықтық және кедендік аудит мәселелеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді.
Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендірудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, бизнестің әкімшілік жүктемесін азайтуға және мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды жаңалықтарды көздейді.
МКК Салықтық аудит басқармасының басшысы Даурен Нұрғожаев салықтық тексерулерге қатысты негізгі өзгерістерді таныстырды. Олардың ішінде:
Сонымен қатар, салықтық жүктеме коэффициенті тиісті қызмет түрі мен аймақ бойынша жоғарғы шектің кемінде 90 %-ын құраған жағдайда салықтық тексеру тағайындалмайды.
Баспасөз конференциясында сондай-ақ кедендік аудиттің өзекті нормалары қаралды. Оның ішінде бақылау рәсімдерін жетілдіру, цифрландыруды дамыту және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырудағы әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері қамтылды.
Қабылданған өзгерістер мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікке негізделген салықтық және кедендік әкімшілендірудің теңгерімді тәсілін қалыптастыруға жағдай жасайды.