«Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастықтың 6-форумы (BRITACOF)

«Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастықтың 6-форумы (BRITACOF)

        Непал, 2025 жылғы 9-11 қыркүйек Катманду қаласында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов бастаған қазақстандық делегация BRITACOM хатшылығы ұйымдастырған «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастықтың 6-форумына (BRITACOF) қатысты.

       Форум барысында салық саясаты мен әкімшілендірудің өзекті мәселелері, халықаралық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ салық саласында инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

     «Цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбындағы сессия аясында МКК төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов баяндама жасап, Қазақстанның қазіргі заманғы электрондық сервистерді енгізу мен талдамалық құралдарды дамытуды қоса алғанда, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша қабылдап жатқан қадамдарын бейнелейтін бейнероликті таныстырды.

      Қазақстан Республикасы BRITACOF шеңберінде өңірде ашық және тұрақты салықтық ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қоса отырып, әріптестік байланыстарды нығайтуда.