Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында Кеден зертханаларының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға, сараптамалық әлеуетті дамытуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін қайта жаңғырту және жаңарту мәселелерін, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мен кедендік әкімшілендіруді цифрландыру шараларын талқылады.
Бұдан бөлек, шетелдік рұқсат бланкілерімен паритеттік алмасу және «Біртұтас транзит» пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
Қол қойылған келісім мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті айқындады.