1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Бүгін біз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толған айтулы мерекені атап өтудеміз! Бұл күн – еліміздің тарихындағы маңызды белес, бірліктің, тұрақтылықтың және өркендеуге деген ұмтылыстың нышаны.
Конституция – еліміздің негізгі заңы ретінде халқымыздың бірлігінің, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады!
Осы мерейтойлы күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және амандық тілейміз. Еліміз дами берсін, әрқайсымыз оның өркендеуіне қосқан үлесімізбен мақтанайық!