Жаңа Салық кодексі: акциздерді реттеудегі өзгерістер

Жаңа Салық кодексі: акциздерді реттеудегі өзгерістер

       Жаңа Салық кодексінде акциздерді реттеу бойынша елеулі өзгерістер көзделген. Олар бюджет кіріс базасын нығайтуға, салық жүйесінің әділдігін арттыруға және акцизделетін тауарлар нарығын бақылауды күшейтуге бағытталған.

      Акциз мөлшерлемелерін арттыру

      2026 жылдан бастап барлық қолданыстағы акциз мөлшерлемелері 10%-ға өседі. Бұл темекіге, алкогольге, мұнай өнімдеріне және басқа да санаттарға қатысты.

      Мөлшерлемелер: Этил спирті (≥80%) — 600 ₸/л, Спирт <80% — 2 550 ₸/л (100% спирт), Алкоголь өнімдері (шарап пен құйылмалы шарап (виноматериал) және сыра, сыра сусындарынан басқа) — 2 805 ₸/л (100% спирт), Шарап — 38 ₸/л; виноматериал — 187 ₸/л,Сыра және сыра сусындары — 99 ₸/л; спирт мөлшері ≤0,5% болғанда — 0 ₸/л.

     Темекі және темекі бұйымдары

     Темекі: 2026 — 18 051 ₸/1000 дана, 2027 — 21 163 ₸/1000 дана, 2028 — 21 880 ₸/1000 дана, 2029 — 23 279 ₸/1000 дана, 2030 жылдан бастап — 25 607 ₸/1000 дана.

     Трубкалық/кальяндық темекі: 2026 — 15 863 ₸/кг, 2030 ж. бастап — 22 791 ₸/кг.

     Қыздырылатын темекі өнімдері: 2026 — 11 230 ₸/1000 дана, 2030 ж. бастап — 12 803 ₸/1000 дана.

      Мұнай өнімдері мен отын: Бензин (көтерме) — 38 134 ₸/т, Дизель (көтерме) — 35 726 ₸/т,Газохол, нефрас, экологиялық отын — 38 134 ₸/т

      Бөлшек сауда: Бензин — 500 ₸/т, Дизель — 60 ₸/т, Газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутек қоспасы және экологиялық отын — 500 ₸/т.

    Энергетикалық сусындарға акциз енгізу

     2026 жылғы 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарға алғаш рет акциз енгізіледі: 2026 — 100 ₸/л, 2027 — 140 ₸/л, 2028 — 180 ₸/л,2029 — 200 ₸/л, 2030 жылдан бастап — 240 ₸/л.

     Бұл шара әсіресе жастар арасында ынталандырушы әсер беретін өнімдердің тұтынуын реттеуге, сондай-ақ бюджет кірістерін қосымша толықтыруға бағытталған.

     Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен «Әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау — «Сау ұлт» ұлттық жобасы бекітілген.

     «Рухсатты акциз»

      2026 жылдан бастап қымбат көлік құралдары, кеме және әуе кемелері акцизделетін объектілер тізіміне енгізілді.

     Жеңіл автомобильдер (құны 18 000 АЕК-тен жоғары) — құнының 10%-ы

     Кемелер (корабльдер, яхталар) (құны 24 000 АЕК-тен жоғары) — 10%

     Әуе кемелері (ұшақтар) (құны 24 000 АЕК-тен жоғары) — 10%

     Аталған шара, сән-салтанат салығының сипатына ие және әділеттілік қағидатын көрсетеді: қымбат активтердің иелері қосымша салық жүктемесін көтеруі тиіс.

     2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ рұқсат ету жүйесі жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысты ұсыныстар енгізу құзыреті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жатады.