Мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік істерін қарау жөніндегі сот практикасының ерекшеліктері, сондай-ақ әкімшілік практика мәселелері

Мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік істерін қарау жөніндегі сот практикасының ерекшеліктері, сондай-ақ әкімшілік практика мәселелері

       2025 жылғы 12 - 14 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы Заң басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік істерін қарау жөніндегі сот практикасының ерекшеліктері, сондай-ақ әкімшілік практика мәселелері» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – әкімшілік сот ісі жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.
       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

       - ҚР ҚМ МКК Заң басқармасының бас сарапшысы – Кожекенова Венера Вячеславовна;

       -ҚР ҚМ МКК Заң басқармасының бас сарапшысы – Умбеталиева Аида Белградовна сөз сөйледі.

        Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
       Іс-шара қорытындысы бойынша 176 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттарын алды.