Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу күніне орай мемлекеттік кірістер жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мади Такиев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік кірістер органдарының ел экономикасының тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша үлесін атап өтті.
Министрдің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің рөлі жылдан жылға артып, жаңа функциялармен толықтырылуда. Бүгінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық және кедендік әкімшілендіруді, акциздік өнімнің өндірісі мен айналымына, валюталық және көліктік бақылауға, экспорттық бақылауға қадағалау жүргізеді, азаматтардың банкроттығы бойынша істерді қарайды, тауарларды таңбалауды, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шараларды, инфрақұрылымды жаңғыртуды және басқа да маңызды бағыттарды іске асырады.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев ведомстволық марапаттар тапсырды:
Сонымен қатар, 23 қызметкер ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жандос Дүйсембиев салық және кеден қызметінің ардагерлеріне олардың көпжылдық еңбегі мен мемлекеттік кірістер жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
Салтанатты бөлім концерттік бағдарламаға ұласты.