МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІМЕН!

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІМЕН!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес салық қызметі, кеден қызметі, сондай-ақ қаржы полициясы экономикалық тергеу қызметі органдарын біріктіру жолымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.

Қазіргі уақытта Комитет елдің салық және кеден саласы бойынша дамуы үшін өте маңызды функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің қосқан үлесінің арқасында ел бюджеті толықтырылуда, мемлекет әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда, жолдар салынып, инфрақұрылым, мектептер, ауруханалар, балабақшалар дамып, азаматтарға кепілдік беріліп, тегін медициналық көмек көрсетіліп және елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелері – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік пен өркендеу, денсаулық пен табыс, бақыт пен амандық тілейміз!