Азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске асыруда.
Бұл жоба азаматтарды микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-кассалық машиналар (БКМ) арқылы фискалдық чек алуға ынталандыруға бағытталған. Сатып алу сомасының 2%-ы көлемінде ақшалай сыйақы ұсынылады.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген қалаушы қатыса алады. Ол үшін тауар мен қызметке төлем жасаған кезде фискалдық чек алып, «Amian» мобильді қосымшасы арқылы чек бетіндегі штрих-кодты сканерлеу қажет.
Түскен ақшаны банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына жіберуге болады.
2024 жылы жобаның бірінші кезеңі Абай облысының Семей қаласы мен Ақмола облысының Ақкөл ауданында жүзеге асырылып, оң нәтижелер көрсетті: алынған чектер саны 2 есе өсіп, олардың жалпы сомасы 2023 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32%-ға артты.
2025 жылы жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының 10 облысындағы 46 ауданды қамтиды: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жақын арада Жетісу облысындағы Талдықорған қаласын қосу жоспарлануда.
Жобаны іске асыру мерзімдері мен аумақтары:
1. 2025 жылғы 15 наурыздан бастап:
Өскемен қаласы (ШҚО);
Жітіқара ауданы (Қостанай обл.);
Жақсы, Аршалы, Астрахан аудандары (Ақмола обл.);
2. 2025 жылғы 15 сәуірден бастап:
Шал ақын, Айыртау, Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Жамбыл аудандары (СҚО);
Есіл ауданы (Ақмола обл.);
Бөрлі ауданы (БҚО);
Қарағанды қаласы (Қарағанды обл.);
3. 2025 жылғы 15 мамырдан бастап:
Түркістан қаласы (Түркістан обл.);
Біржан сал, Целиноград аудандары (Ақмола обл.);
4. 2025 жылғы 1 маусымнан бастап:
Т. Рысқұлов, Шу, Жуалы, Мерке, Талас, Қордай, Сарысу, Байзақ аудандары (Жамбыл обл.);
Теміртау қаласы (Қарағанды обл.);
Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Жарқайың, Зеренді, Бурабай аудандары және Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалалары (Ақмола обл.);
5. 2025 жылғы 15 маусымнан бастап:
Жамбыл және Мойынқұм аудандары (Жамбыл обл.);
Төле би ауданы (Түркістан обл.);
Балқаш қаласы (Қарағанды обл.);
Мұнайлы және Қарақия аудандары (Маңғыстау обл.);
6. 2025 жылғы 15 шілдеден бастап:
Қонаев қаласы (Алматы обл.).
Қосымша шарттар:
чек сканерлеуге дейін 24 сағаттан кешіктірмей алынуы тиіс;
ай сайынғы ең көп кэшбэк сомасы — 20 000 теңгеге дейін.
Жобаны іске асыру нәтижелері:
2025 жылғы шілде айындағы жағдай бойынша 12 378 азаматқа жалпы сомасы 62,6 млн теңгеден астам кэшбэк төленді.
Жоба іске асырылған аумақтарда чектердің саны 13%-ға, ал жалпы сома 18%-ға өсті. Бұл ынталандыру шараларының оң әсерін көрсетеді.
Сонымен қатар, Комитет еліміздің бүкіл аумағында «Amian» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, фискалдық чек алуға ынталандыру бойынша келесі шараларды жүзеге асырды:
1. «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы
2. «Бәйге» акциясы**
3. «Чек талап ет — Halyk Bank-тен жүлде ұтып ал!» бірлескен акциясы
1. «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17 қаңтар – 31 желтоқсан
Фискалдық чек алған әрбір азамат автоматты түрде ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтысына қатысады.
Нәтижелері:
60 000-нан астам жеңімпаз 45 млн теңге көлемінде сыйақы алды;
«Mechta» дүкендер желісінен 74 тұрмыстық техника сертификаты ойнатылды.
2. «Бәйге» акциясы
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр – 31 желтоқсан
«Amian» қосымшасында ең көп чек тіркеген азаматтарға 100 000 теңге сыйақы беріледі.
Әр тоқсан қорытындысы бойынша еліміздің әр өңірінен бір-бірден 20 жеңімпаз анықталады.
Кезеңдері:
1-кезең: 1 сәуір – 30 маусым
2-кезең: 1 шілде – 30 қыркүйек
3-кезең: 1 қазан – 31 желтоқсан
Нәтижелері:
20 жеңімпазға (әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан) 100 000 теңге және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
3. Halyk Bank-пен бірлескен «Чек талап ет — Halyk Bank-тен жүлде ұтып ал!» акциясы
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр – 30 қараша
Ай сайын 30 жеңімпаз кездейсоқ тәртіппен таңдалып, олардың бонус шотына 100 000 бонус аударылады.
Бірінші кезеңде, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап, жоба тек Ақмола облысында іске асырылды, ал 1 маусымнан бастап — бүкіл ел бойынша жүзеге асырылды.
Қатысу шарттары:
сатып алуды Halyk Bank картасы немесе QR арқылы төлеу;
фискалдық чекті «Amian» қосымшасына жүктеу.
Нәтижелері:
2025 жылғы мамырда — Ақмола облысынан 10 жеңімпаз;
2025 жылғы маусымда — еліміздің барлық өңірінен 30 жеңімпаз.
«Amian» мобильді қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеуге болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды осы жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады, өйткені олар қолма-қол емес төлемдерді дамытуға, есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етуге және салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.