Тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер

Тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру бойынша  «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер

       «Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен берлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақ учаскелік және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруін (бұдан әрі – пестицидтерге қорытынды) жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.

     2025 жылғы 11 шілдеден бастап пестицидтерге қорытындысына өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

      Ағымдағы жылдың 10 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде пестицидтерге қорытындысын алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

       Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/60776 – өтініш берушілер үшін.

       Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.

      Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

  • +7 7172 73 55 19
  • +7 705 956 53 89
  • e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
  • Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.