«Инспекциялық-тексеру кешен суреттерін талдау» және «Идентификациялау, профайлдау және тексеру әдістері» тақырыптарындағы мамандандырылған курстардың өткізілуі туралы

«Инспекциялық-тексеру кешен суреттерін талдау» және «Идентификациялау, профайлдау және тексеру әдістері» тақырыптарындағы мамандандырылған курстардың өткізілуі туралы

       2025 жылғы 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Түркістан облысындағы «Сарыағаш», «Капланбек» және «Б. Қонысбаев» кеден бекеттерінің базасында мамандандырылған курстар өткізуде. Іс-шаралардың мақсаты — көлік құралдарын, тауарлар мен жеке тұлғаларды тексерумен айналысатын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен инспекциялық-тексеру кешені операторларының кәсіби біліктілігін арттыру.

      Оқытудың алғашқы кезеңі – «Инспекциялық-тексеру кешен суреттерін талдау» тақырыбы бойынша – 2025 жылғы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Түркістан облысы бойынша МКК «Сарыағаш» және «Капланбек» кеден бекеттерінің базасында өтті. Бұл бағдарлама аясында рентген суреттерін дұрыс интерпретациялау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар рентгенология негіздерін, суреттерді талдау әдістерін, профайлдау тәсілдерін үйренді, Rapiscan және Smith-Heimann сияқты жүйелердің басқару панельдерімен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе алды. Сабақтар теориялық және практикалық форматта, тікелей жұмыс істеп тұрған бақылау-өткізу пункттерінде өткізілді. Сонымен қатар, тыңдаушылар Moodle білім беру платформасында алдын ала және қорытынды тестілеуден өтіп, оқу материалын меңгеру деңгейіне қарай бағаланды.

      Екінші кезең — «Идентификациялау, профайлдау және тексеру әдістері» атты курс 2025 жылғы 3-5 шілде аралығында «Сарыағаш», «Капланбек» және «Б. Қонысбаев» кеден бекеттерінің аумағында өтеді. Бұл кезеңге бақылау-өткізу пункттерінде тексеру іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жауапты негізгі қызметкерлер қатысады. Бағдарламада жолаушылар мен көлік құралдарын профайлдау әдістері, ЕАЭО аясындағы кедендік транзит рәсімдері, тексеру кезінде бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдары қамтылады. Адамдарды, көлікті және контейнерлерді тексеру әдістеріне, соның ішінде TADOC бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану арқылы тексеруге ерекше назар аударылады. Практикалық сабақтар далалық жағдайда, қатысушыларды топтарға бөліп өткізіледі, бұл олардың белсенді қатысуын және жеке көзқарасты қамтамасыз етеді. Курстың соңғы күні қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және шетел валютасының заңсыз айналымын анықтау және алдын алу мәселелері қарастырылады.

       Аталған екі оқу бағдарламасы тренер-нұсқаушылар ОӘО басшысының орынбасары Касымкулова Лаззат Турдакыновна мен ОӘО-ның біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Касымбеков Ануар Панаровичтің белсенді қатысуымен әзірленіп, жүзеге асырылды.

       Курстар нәтижесінде қатысушылар автокөлік бақылау-өткізу пункттері арқылы тасымалданатын контрабандалық тауарлар мен заттарды тасымалдау, анықтау және идентификациялау әдістерімен танысады. Олар көлік құралдары мен тауарларды тиімді тексеруді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, заманауи жасырын тасымалдау құралдарын анықтау әдістері және тексеру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері бойынша білім алады. Оқу соңында тыңдаушылар білім беру платформасында қорытынды тест тапсырып, оқу курсын аяқтағаны туралы сертификатқа ие болады.