Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде 2025 жылы 3 шілдеде сағат 15:30-да басталған техникалық жұмыстар 18:00-ге дейін жалғасатынын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

       Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

       Бұл ретте, 2025 жылы 3 шілдеде «ЭШФ» АЖ-нің мерзімді қолжетімсіздігіне  байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:

       - 2025 жылғы 3 шілдеден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

       - 2025 жылғы 3 шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

       Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.