2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Қазақстан делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің салық қызметінің халықаралық жастар форумына қатысты.
Форум Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысушыларын салық әкімшілігінің болашағын жобалауда бірлескен командалық жұмыстық кездесу үшін жинады.
Форумның мақсаты салық қызметі мен әкімшілігі қызметкерлерінің халықаралық қауымдастығында тиімді байланыс орнату, сондай-ақ кәсіби және тұлғалық өсудің өзекті мәселелерін зерделеу және пысықтау болып табылады.
Форумның бірінші күні «Салық әкімшілендірудің болашағы» - Танысу күні: барлық қатысушылар өз делегацияларын таныстырып, визиткалармен алмасты. Білім беру және жаңа байланыстар – халықаралық ынтымақтастықтың негізі болып табылады. Сондай-ақ әр қатысушы елден шеберлік сабақтары ұйымдастырылған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде қонақтарға салт-дәстүр, мәдениет туралы айтылып, ұлттық дәмді тағамдар мен сусындар ұсынылды.
Форумның екінші күні «Оқу күні»: - «Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар (блокчейн, ЖИ, машиналық оқыту)» тақырыбындағы дәріс. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бойынша дәрісте жасанды интеллект және машиналық оқыту тақырыптарына тереңірек тоқталды. SpeechKit-ті мемлекеттік органдарға енгізудің сәтті кейсі талқыланды және YandexGPT API мүмкіндіктері таныстырылды. Брейншторм шеңберінде қатысушылар жасанды интелект пен машина оқытуды қолдануға болатын салық саласындағы жобалардың тізімін қалыптастырды. Сондай-ақ халықаралық салық салудың болашағына назар аударылды және цифрлық экономиканың қағидаларға қалай әсер ететіні талқыланды. ТМД елдерінде цифрлық технологияларды қолданудың сәтті кейсі жаңа идеялар мен бастамаларға шабыт берді.
Форумның үшінші күні «Жұмсақ» дағдыларды дамыту» - болашақ салық инспекторының образын қалыптастыру бойынша командалық жұмыс. Соңғы күні өз жобаларын қорғады, форумда алған идеялар мен тәжірибелерін көрсетті.
Осылайша, жас мамандардың форумға қатысуы тәжірибе алмасудың бірегей платформасы және байланыстарды одан әрі нығайта түсетін дамудың маңызды кезеңі болды.