Қазақстан мен ДКҰ цифрлық трансформация және Орта дәлізді дамыту басымдықтарын талқылады

Қазақстан мен ДКҰ цифрлық трансформация және Орта дәлізді дамыту басымдықтарын талқылады

       Брюссель, 2025 жылғы 26 маусым — Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Кеңесінің 145/146-сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен ДКҰ Бас хатшысы Ян Сондерс арасында екіжақты кездесу өтті.

      Тараптар ДКҰ-ның цифрландыру, жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұйымды басқару тетіктерін жетілдіру және мүше елдердің рөлін күшейтуге бағытталған реформалары бойынша басым бағыттарды талқылады. Қазақстан ДКҰ-ның практикалық бағыттылық пен инклюзивтілікке негізделген стратегиялық бағытын қолдайтынын білдірді.

     Кездесу барысында Азия мен Еуропа арасындағы балама транзиттік бағыт ретінде Орта дәлізді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Комитет Төрағасы Қазақстанның шекара өткізу пункттерін жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және көршілес елдермен ынтымақтастықты кеңейту арқылы аталған бағыттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге белсенді күш салып жатқанын атап өтті.

     Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесі де талқыланды. Қазақстан ДКҰ тарапынан деректерді үлкен көлемде талдау, тәуекелдерді автоматты түрде анықтау және оқыту бағдарламалары бойынша үздік тәжірибе алмасуға және сараптамалық қолдауға мүдделілік танытты.

     Қазақстан тарапы уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту, рәсімдерді оңайлату, кадрлар біліктілігін арттыру және тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу сияқты бағыттар бойынша ДСҰ-мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

      Кездесу соңында Комитет Төрағасы ДКҰ Бас хатшысын Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келіп, шекара өткізу пункттерін жаңғырту және кеденнің цифрландырылуы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысуға шақырды.