Брюссель, 2025 жылғы 23–25 маусым — Қазақстан Республикасы делегациясы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде, Брюссель қаласында өткен Саяси комиссияның 92-сессиясына қатысты. Бұл сессия Саяси комиссияға мүше елдердің кеден қызметтері басшыларын ДКҰ-ның стратегиялық дамуы мен жаһандық кеден күн тәртібіндегі басым бағыттарды талқылау үшін біріктірді.
Сессия барысында ДКҰ қызметін жаңғырту, жұмыс тиімділігін арттыру, серіктестікті нығайту және орнықты сауда тізбектерін дамыту жөніндегі бастамалар қаралды. Цифрландыру, инклюзивтілік және жеке сектормен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
25 маусымда Қазақстан делегациясы Саяси комиссия мен Жеке сектор бойынша консультативтік топ арасындағы жыл сайынғы диалогқа да қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы ашық диалогтың маңыздылығы атап өтіліп, өзгермелі жаһандық сауда жағдайында практикалық шешімдер іздеудің қажеттілігі баса айтылды. Ынтымақтастықтың формальды тетіктерін нығайту және бизнес өкілдерінің жаһандық процестерге белсенді қатысуы қажеттігіне назар аударылды.
Қазақстан тарапынан ДКҰ аясында жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріліп, халықаралық сауданың ашықтығын, қауіпсіздігін және орнықтылығын арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге белсенді қатысуға дайын екендігі расталды.