2025 жылғы 24 маусымда Брюссельде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) әлеуетті арттыру жөніндегі директоратымен және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2024 жылғы мамырда Мемлекеттік кірістер комитеті мен JICA-ДКҰ бағдарламасы арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның іске асырылу барысын қарастырды. Құжаттың мақсаты – кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы әлеуетті арттыру және Транскаспий бағыты бойынша тауарларды босату уақытын зерттеу (Time Release Study) болып табылады.
Меморандум Орталық Азия мен Кавказ елдеріне арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді көздейді. Басты міндеттер – тәуекелдерді басқару саласында ұлттық тренерлерді даярлау және TRS әдістемесін тұрақты енгізуге жағдай жасау.
Бүгінгі күнге дейін JICA-ДКҰ бағдарламасы аясында үш Жұмыс тобының отырысы табысты өткізілді:
Келесі Жұмыс тобының кездесулері 2025 жылғы қараша мен 2026 жылғы сәуірге жоспарланған. Қазақстандық тарап бұл іс-шаралардың екеуін де өз аумағында өткізуге дайын екенін білдірді.
Келіссөздер барысында Мемлекеттік кірістер комитеті мен JICA-ДКҰ бағдарламасының өкілдері ынтымақтастықтың ағымдағы кезеңінің табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті және Кедендік әкімшілендіруді жаңғырту бағдарламасы (MTP) аясында жаңа бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға қызығушылық білдірді. Өңір елдеріне арналған тақырыптарды кеңейту және мамандандырылған оқу бағдарламаларын ұйымдастыру перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларға бейілділігін растады және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын нақтылау мен алдағы қадамдарды жоспарлау бойынша диалогты жалғастыруға уағдаласты.