Қазақстан мен ДКҰ CCASP жаңа жобасын талқылады

Қазақстан мен ДКҰ CCASP жаңа жобасын талқылады

       Брюссель, 2025 жылғы 23 маусым — Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Саяси комиссиясы сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаңа жоба — CCASP жобасының жетекшісі мырза Эндрю Рейнольдспен жұмыс кездесуін өткізді.

      CCASP жобасы Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда және аймақта атыс қаруы, жеңіл қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарының заңсыз шекарааралық тасымалына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

      Кездесу барысында 2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Астанада өтетін өңірлік семинарға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Іс-шараға Орталық Азия мен Кавказ елдерінің кеден органдарының өкілдері қатысады. Негізгі назар — кедендік бақылау және қауіпсіздік салаларында әлеуетті арттыруға бағытталады. Спикерлер қатарында — Дүниежүзілік кеден ұйымы, Интерпол және ЕҚЫҰ сарапшылары.

      Қазақстандық тарап көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, сезімтал тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтудің және ведомствоаралық әрі өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

      Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CCASP жобасы аясында одан әрі ынтымақтастыққа, соның ішінде ұлттық тренингтер өткізу мен заңсыз саудаға қарсы күрестегі кәсіби дайындық пен тиімді үйлестіруді арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.