ДКҰ СЕМИНАРЫ: ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

ДКҰ СЕМИНАРЫ: ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

         2025 жылғы 18–19 маусымда Дүниежүзілік кеден ұйымының қолдауымен Орталық Азия елдерінің кеден органдарына арналған зияткерлік меншік саласындағы тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық субөңірлік онлайн-семинар өтті. Іс-шара бейнеконференция форматында ұйымдастырылып, Мемлекеттік кірістер комитеті мен оның өңірлік органдарының, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның кеден әкімшіліктерінің өкілдерін біріктірді.

        Семинардың мақсаты – өңірдегі кеден органдарының контрафактілік өнімдерге қарсы күрес әлеуетін нығайту, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға байланысты тәуекелдерді талдауда ДКҰ-ның заманауи құралдарын тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмасу болды. Бағдарлама аясында теориялық және практикалық сессиялар, соның ішінде нақты жағдайларды талқылау мен қатысушылардың сұрақтарына жауап беру ұйымдастырылды.

       Семинардың ашылу салтанатында құттықтау сөзімен:

       – Морис Адефалоу – Дүниежүзілік кеден ұйымының өкілі;

       – Абдрахманов Ержан Фариденұлы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік операциялар басқармасының басшысы сөйледі.

        Семинар спикерлері ретінде зияткерлік меншік құқықтары бойынша ДКҰ-ның аккредиттелген сарапшылары – Винита Секхар және Насир Хан жүргізді.

       Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу жағдайларына қатысты жаһандық ахуалмен, тәуекелдерді басқару әдістерімен, электрондық коммерциядағы тәуекел индикаторларымен, сондай-ақ ақпарат алмасуға арналған CENcomm платформасының құралдарымен танысты.

       Қатысушылар ұсынылған материалдардың өзектілігін жоғары бағалап, осы саладағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытты.