Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру енді Банк ЦентрКредит мобильді қосымшасы арқылы беруге болады

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру енді Банк ЦентрКредит мобильді қосымшасы арқылы беруге болады

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.

      2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.

      Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.
Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.

      Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:                        

  1. kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.
  2. «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.
  3. Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.
  4. Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  5. Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:
    • 6 ай бойы әлеуметтік көмек аламын
    • Міндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадым
  6. Өтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.
  7. Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.
  8. Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.
  9. Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.
  10. Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады.

      Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз.