Астана, 2025 жылғы 10 маусымда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Эстония делегациясының кездесуі өтті. Эстония делегациясы құрамында Эстония Сыртқы істер министрлігі, Салық және кеден департаменті мен Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері болды.
Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Әңгіме барысында цифрландыру, тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық сауданы дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды.
Кездесу конструктивті және ашық форматта өтіп, тараптардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін көрсетті.