2025 жылғы 3 – 5 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығын арттыру, клиенттермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді енгізу.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
- Кансеитов Думан Бекзатович - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинардың қорытындысы бойынша 390 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.