ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің мерейтойлық отырыссы

ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің мерейтойлық отырыссы

     2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің 80-ші мерейтойлық отырысы өтті, оған МКК төрағасы Жандос Дүйсембиевтің бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

    Кеңес экономикалық одақ құру туралы шартты іске асыру мақсатында 1993 жылғы 24 қыркүйекте ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің шешімімен құрылды.

    Кеңес алаңы жұмыс істей бастағаннан бері
ТМД кеден қызметінің басшыларының 80 отырысы өтті және
750 шешім қабылданды.

    Мерейтойлық отырыс барысында Тараптар Кеңестің құрылуы мен жұмыс істеуі кедендік әкімшілендіруді дамытуға, алдыңғы қатарлы құқық қолдану практикасын құруға және ТМД кеңістігінде кедендік бақылаудың неғұрлым қолайлы шараларын әзірлеуге ықпал еткенін атап өтті.

      Отырыста ТМД кеден қызметінің басшылары кедендік бақылаудың біркелкілігі мен жетілдірілуіне бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.

      Атап айтқанда, импортталатын гибридті автомобильдер мен ілеспе құрылғыларға қатысты бақылауды жүргізудің біркелкілігі, кедендік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тауарлардың жіктелуі мен шығарылған жері бойынша жұмыс тобын құру жөнінде шешімдер қабылданды.

     Отырыс қорытындысы бойынша ТМД КҚБК халықаралық наградалары тапсырылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ТМД кеңістігінде кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жоғары үлесі үшін "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрметті кеденшісі" төсбелгісімен, сондай-ақ "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін" айырым белгісімен марапатталды.

      ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы екінші жартыжылдықта Тәжікстан Республикасында өтеді.