Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра сусындарын таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізеді реттеушілік әсер есебін нәтижелеріне көпшілік талқылау өткізеді

2025 жылғы 16 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра сусындарының таңбалануы мен қадағалануын енгізу бойынша жүргізілген реттеушілік әсер есебіннің нәтижелеріне көпшілік талқылау zoom конференция арқылы өтетінін хабарлайды

Іс-шарада міндеттемелерді жүргізу кезінде реттеушілік әсерді жүргізілетін талдау қорытындылары талқыланатын болады:

- «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м. а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасы;

   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Сыра мен сыра сусындарын сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Сыра мен сыра сусындарын таңбалауда қолданылатын бақылау (идентификациялық) таңбасының, сәйкестендіру құралының шекті құнын айқындау туралы» бұйрығының жобасы.

Қатысуға қоғамдық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтардың өкілдері шақырылады.