2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл аясында «Контрабандамен және тауарлардың заңсыз айналымымен күрес» тақырыбына арналған онлайн-семинар өтті.
Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен өңірлік мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың контрабанданы және тауарлардың заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ кеден органдары арасындағы тиімді өзара іс-қимыл бойынша тәжірибе және үздік практика алмасу болды.
Семинарда келесі дәріскерлер сөз сөйледі:
– Касымкулова Лаззат – ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары;
– Касымбеков Ануар – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы;
– Ильин Вячеслав – ӨР ЭҚМ КК КИ арнайы-құқықтық ғылымдарының аға оқытушысы.
Іс-шара барысында контрабанданы, соның ішінде есірткі құралдарының, олардың аналогтарының, синтетикалық және басқа да түрдегі есірткілерді өндіруге арналған жабдықтардың, атыс қаруы мен оның бөлшектерінің, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің, шетел валютасының және басқа да тауарлардың заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесуге байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Қатысушылар кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу мен контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Семинар контрабанданы анықтау мен оның жолын кесу бойынша практикалық тәсілдерді талқылау, сондай-ақ кеден органдары өкілдері арасындағы кәсіби байланысты нығайту және жан-жақты тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болды.