Атырау облысы бойынша МКД басшысы тағайындалды

Атырау облысы бойынша МКД басшысы тағайындалды

        Есембеков Кенжеғазы Мұқажанұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

       2000 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

      Еңбек жолын 1996 жылы мемлекеттік кірістер органдарында Балқаш қаласының салық инспекциясы, салық агенті қызметінен бастаған.

      Жетекші салық инспекторы, бас маманы, бөлім бастығы, Аудандық басқармалардың басшысы, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

     Соңғы екі жылда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.