2025 жылғы 21 – 22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаменті Валюталық бақылау басқармасымен бірлесіп «МКО валюталық бақылауды жүргізу» тақырыбына ZOOM байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне Мемлекеттік кірістер органдарындағы валюталық бақылауды жүргізу бойынша түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін ZOOM байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
- Мурзаева Зарина Болатовна - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті валюталық бақылау басқармасының бастығы;
- Жакупов Еркинжан Нурдаулетович - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті валюталық бақылау басқармасының бас маманы.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 68 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.