2025 жылғы 19 мамырда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде шекарадағы өткізу пункттерінде электронды кезек жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Талқылауға Бас көлік прокуратурасының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның Ұлттық тасымалдаушылар қауымдастығының, тасымалдаушылар қауымдастықтарының (ҚАТЭО, КазАТО), сондай-ақ жүйені әзірлеуші – «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ өкілдері қатысты.
Бұған дейін бірлескен жұмыс тобы электронды кезектің жұмыс істеу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қамтитын салыстырмалы кесте әзірлеген болатын. Дайындалған түзетулер салалық қауымдастықтар мен «Атамекен» ҰКП-ның қолдауына ие болды.
Кездесуде қатысушылар негізгі ұсыныстарды егжей-тегжейлі талқылады, соның ішінде:
- электрондық кезектегі слотты брондау құнын белгілеу;
- жүктердің жекелеген санаттары үшін басым кезектерді енгізу (тірі жануарлар, тез бұзылатын тауарлар, қауіпті жүктер, экспорттық өнім);
- брондау және бақылау рәсімдерін жетілдіру.
Кеңес барысында нақтылауды қажет ететін жекелеген аспектілер — тұжырымдарды нақтылау, санаттар мен регламенттер тізімдерін толықтыру мәселелері қаралды.
Барлық тараптар шекарадан өтуді жеделдету мен СЭҚ-тың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті іздеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы салыстыру кестесіне қосымша ұсыныстар енгізу және барлық айтылған ескертулерді ескере отырып, өзгерістер жобасын түзету туралы уағдаластық болды.