Экономикалық қауіпсіздікті қорғау: сыртқы сауда операциялары кезіндегі тыйым салу мен шектеулер

Экономикалық қауіпсіздікті қорғау: сыртқы сауда операциялары кезіндегі тыйым салу мен шектеулер

        Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген тауарларға қатысты сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шарасы ретінде оларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулер енгізілуі мүмкін екендігі көзделген.

       Мұндай тыйым салулар мен шектеулерді тиісті мемлекеттік органдар енгізеді және ол ішкі нарықты қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді қолдауға, орны толмас табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған.

      Тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органына жүктелген.

      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мұнай өнімдері, сұйытылған газ, қара және түсті металл сынықтары, ағаш материалдары, тауық жұмыртқалары сияқты бірқатар тауарларды және т.б. әкетуге уақытша тыйым салулар қолданылады.

      Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтің жосықсыз қатысушылары қолданыстағы шектеулерді айналып өтіп осындай тауарларды әкету әрекеттерін жасауда.

      Тек 2024 жылы мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік шекарада тыйым салынған тауарларды, негізінен мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге 2 мыңнан астам әрекеттің алдын алды. Ағымдағы жылы осындай 378 әрекеттің жолын кесті.

      Мысалы, 2025 жылғы ақпанда Қырғыз Республикасымен шекарада Шекара қызметімен бірлесіп мұнай өнімдері бар 34 вагонды әкету әрекетінің жолы кесілді.

      2025 жылғы наурызда Өзбекстан шекарасында металл құбырлары бар 10 жүк автокөлігі ұсталды.

      Мұндай фактілер мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, елдің ішкі нарығы үшін қажетті тауарлар тапшылығының тәуекелдеріне әкеледі.

       Өз кезегінде, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде қолданыстағы тыйым салулар мен шектеулерді бұзғаны үшін сот шешімі бойынша тауарларды және (немесе) көлік құралдарын тәркілей отырып, 15-тен 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік жауаптылық көзделген.

      Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда бір жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

      ЕАЭО-ның басқа елдері де осындай шектеулер енгізуде екенін айта кету керек. Мысалы, Ресей Федерациясы тауарлық бензинді әкетуді уақытша шектеді, Қырғыз Республикасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салды және т.б.

      Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушысын тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде белгіленген тыйым саулалар мен шектеулерді қатаң сақтауға шақырады.

       Қосымша ақпарат алу үшін сіз МКК Call-орталығына: 1414 немесе 8-800-080-7777 арқылы жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).