2025 жылғы 17 маусымда сағат 09:00-дан бастап 16:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «Сыртқы электрондық сауда тауарларын кедендік әкімшілендіру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Egov.kz сайтына кіріп, https://dialog.egov.kz/conference/5319 сілтемесі бойынша аталған тақырыпта сұрақтарды қалдырыныздар.
Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы Омарова Мархабат Ерланқызы жауап береді
2025 жылғы 11-13 мауысым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасы және Кедендік операциялар басқармасымен бірлесіп ««Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – «Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін тиімді басқару және бақылау болып табылады.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
- Нурдильданов Ерлан – ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті, Транзит басқармасының cарапшасы және
- Турлыбеков Олжас - ҚР ҚМ МКК МКК Кедендік бақылау департаменті, Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 150 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурызда басталған, микро- және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды.
2025 жылғы 15 маусымнан бастап жобаға келесі өңірлер қосылады:
– Жамбыл және Мойынқұм аудандары (Жамбыл облысы)
– Төле би ауданы (Түркістан облысы)
– Балқаш қаласы (Қарағанды облысы)
– Мұнайлы және Қарақия аудандары (Маңғыстау облысы)
Естеріңізге саламыз, «Salyq кэшбэк» жобасы биыл кезең-кезеңімен: 2025 жылғы 15 наурыздан, 15 сәуірде, 15 мамырдан және 1 маусымнан бастап іске қосылған болатын.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін:
Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына есептеуге болады.
Сыйақыны есептеу «Amian» мобильді қосымшасы арқылы «IT Analytics» ЖШС операторы арқылы жүзеге асырылады. Қосымша App Store мен Google Play платформаларында тегін жүктеуге қолжетімді.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында бақылау-кассалық машиналардың чектерін талап етуге шақырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 маусымда сағат 01.00-ден 05.00-ге дейінгі кезеңде "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар ("Интеграциялық шина"модулі) жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" АЖ (СӘИЖ АЖ) сервистерінің бір бөлігі қолжетімді болмайды.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.
2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.
Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.
Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.
Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:
Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз.
Астана, 2025 жылғы 10 маусымда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Эстония делегациясының кездесуі өтті. Эстония делегациясы құрамында Эстония Сыртқы істер министрлігі, Салық және кеден департаменті мен Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері болды.
Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Әңгіме барысында цифрландыру, тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық сауданы дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды.
Кездесу конструктивті және ашық форматта өтіп, тараптардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін көрсетті.
2025 жылғы 3 – 5 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығын арттыру, клиенттермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді енгізу.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
- Кансеитов Думан Бекзатович - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинардың қорытындысы бойынша 390 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 7 маусымда сағат 01.00-ден 05.00-ге дейінгі кезеңде "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде СӘИЖ АЖ сервистерінің бір бөлігі қолжетімді болмайды.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен халықаралық BigONE криптовалюта биржасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Келісімге МКК атынан Комитет Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов және BigONE компаниясының акционері Тянь Юнбинь қол қойды.
Мақсаты – цифрлық активтер саласындағы салықтық әкімшілендіру, тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында тараптар келесі мәселелерді талқылады:
- криптоиндустрия мен экономиканы цифрландырудың даму перспективалары;
- Қазақстанның жаһандық криптонарықтағы негізгі қатысушылардың бірі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Crypto City құру және цифрлық активтер айналымына арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі бастамасы.
Қазақстан тарапынан BigONE компаниясымен ынтымақтастық:
- криптовалюта операцияларының ашықтығын арттыруға;
- цифрлық ортада әділ әрі тиімді салық салуды қамтамасыз етуге;
- цифрлық активтер саласының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деген сенім білдірілді.