Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аймақтар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
02 октября 2024
Құрметті СЭҚ қатысушылары!

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап Астана-1 арқылы жіберілген кедендік декларациялардың мәртебесін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болатындығын хабарлайды.

02 октября 2024
АҢДАТПА!

                                 Құрметті БАҚ өкілдері!
     

       Сіздерді «Цифрлық ҚҚС» ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету тақырыбында өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.

       Спикер:

      - Исмагулов Қадыр Рыспанұлы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің директоры;

      - Қоңырбаев Руслан Базарбайұлы, ҚР Ұлттық банкінің өкілі, төлем технологияларын дамыту Департаментінің бас сарапшысы;

      - Модератор – Калменова Гүлжан Сұлтанмахмудқызы, ҚР ҚМ МКК-нің ресми өкілі.

        Уақыты: 2024 жылғы 3 қазан сағ: 15:00-де

        Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.

        БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2024 жылғы 2 қазан сағат 18.00-ге дейін 71-81-93 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

02 октября 2024
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру

       2024 жылғы 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО) Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасымен бірлесіп ОӘО базасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру» - (көліктік бақылау, санитарлық-карантиндік бақылау) тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.

      Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша кеден бекеттері қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады. 

     Тыңдаушылар ретінде Абай, Алматы, Жетісу,Түркістан, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

      Дәріскерлер:

      - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы - Альжанов Муратбек Сайлауович;

     - ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының сарапшысы - Нурланов Абылайхан Русланович;

     - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Кисаков Нурхан Мусаевич сөз сөйледі.

       Семинардың қорытындысы бойынша 46 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.

01 октября 2024
ЭШФ АЖ жүейсінің жұмысын оңтайландыру туралы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға 02.10.2024 жылы Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің  электрондық құжаттарды өңдеуді оңтайландыру мақсатында жаңарту жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген уақыт аралығында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

30 сентября 2024
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы салықтық ынтымақтастық

        2024 жылдың 24-26 қыркүйегінде Гонконгта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша салықтық ынтымақтастық BRITACOM мәселелері бойынша 5-ші Форум өтті. Іс-шараның тақырыбы «белдеу мен жолды» жоғары сапалы дамыту үшін салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету» болды.

      BRITACOM - трансшекаралық сауда мен инвестициялар үшін кедергілерді жою, тұрақты, теңгерімді және инклюзивті экономикалық өсу үшін әділ және негізделген салық ортасын құру мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын салық әкімшіліктерінің коммерциялық емес ресми ынтымақтастық механизмі.

      Форум жұмысына салық қызметтері мен сарапшылардан, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың өкілдерінен және әртүрлі елдер мен өңірлерден келген кәсіпкерлерден 400-ден астам қатысушы қатысты.

      Қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов басқарды.

     Қазақстан делегациясы «Салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды ілгерілету» сессиясының модераторы болып, іс-шараға қатысушыларды мақсатты топ жүргізген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.

     BRITACOM аясында салықтық әкімшілендірудің түрлі бағыттары бойынша нысаналы топтар құрылды. Цифрландыру жөніндегі нысаналы топты Қазақстан басқарды. Құрылған топтардың мақсаты-елдердің тәжірибесін зерделеу және белгілі бір бағыт бойынша салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстармен қорытынды есеп дайындау.

     Форум қорытындысы бойынша салықтық юрисдикциялардың BRITACOM дамуына қосқан үлесі үшін грамоталар табысталды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысы цифрландыру жөніндегі нысаналы топқа төрағалық еткені және 2021 жылы 2-ші форум өткізгені үшін грамоталармен атап өтілді.

     Форум аясында төрағаның орынбасары С. Ахметов ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің министрі Ху Цзинлинмен «аяқтағы» кездесу, Қаржы қызметтері және қазынашылық бюросының хатшысы Кристофер Хуэймен, ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі Министрінің орынбасары Ван Даошумен және Гонконгтың ішкі салықтар департаментінің комиссары Там Тайпанмен келіссөздер өткізді.

      Ван Даожунмен келіссөздерде С. Ахметов екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ Қазақстандағы Қытай маркетплейстерінің жұмыс істеу мәселелерін көтерді.

      БСӘ Министрінің орынбасары төраға орынбасарының ұсыныстарын қолдап, мәселелерді шешу үшін ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

      Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық тәртібі мен форматын регламенттейтін екіжақты құжатқа қол қою және Салық мәселелерінде өзара көмек көрсету үшін жұмыс жүргізуге келісті.

      Қаржы қызметтері және қазынашылық бюросының хатшысы және Гонконгтың ішкі кірістер департаментінің комиссарымен кездесулер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гонконг АӘА Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге қол қою мүмкіндігі мен қажеттілігін талқылау бағытында өтті. Тараптар құжаттың жобасын әзірлеу үшін қосымша келіссөздер жүргізуге келісті.

 

 

 

30 сентября 2024
Құрметті салықтөлеушілер!

        Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

      Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

      Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

30 сентября 2024
Қызметін интернет платформа арқылы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салық салу туралы

       Бүгінгі таңда Қазақстанда түрлі мобильді қосымшалар қолданылады, олар арқылы түрлі қызметтер ұсынылады (мысалы, тамақ немесе такси жеткізу).

      Мұндай қосымшалар арқылы жеке тұлғалар ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істей алады және өз қалауы бойынша осындай қызметтерді ұсына алады. Бұл ыңғайлы, бірақ кемшілігі-әлеуметтік төлемдердің төленбеуіне байланысты мұндай жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктердің болмауы, яғни, әлеуметтік тәуекелдер кезінде олар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыларды ала алмайды.

      Осыған байланысты, жұмыспен қамтудың барлық түрлеріне қарамастан, барлық жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын теңестіру үшін «платформалық жұмыспен қамту» сияқты жаңа жұмыспен қамту құралы әзірленді. Осы жұмыспен қамту сегментін реттеуді Мемлекет басшысы тапсырды.

      Мәселен, әлеуметтік кодекске оператор, орындаушы, тапсырыс беруші сияқты арнайы ұғымдар енгізілді (ҚР Әлеуметтік кодексінің 102 - бабы 2-т. 1) және 3) тт.).

       Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйегінде платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде интернет-платформаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтың тек 1% төлейді.

      Пилоттың қатысушылары салық міндеттемелерін орындаудың бүкіл процесі автоматтандырылған арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолданады. Бұл ретте қатысушылардың салық есептілігін ұсыну қажеттілігі жоқ.

       Пилотты өткізу кезеңінде 21 мыңға жуық (21 603 (оның ішінде 7 113 қыркүйек 2024 )) такси жүргізушілері ДК ретінде тіркеліп, бюджетке 695 млн.теңге төледі.

      Платформалық жұмыспен қамту жөніндегі пилот өзінің қажеттілігін көрсетті, нәтижесінде 2024 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Салық және әлеуметтік кодекстерге (2024 жылғы қыркүйектен бастап күшіне енді) өзгерістер енгізуге қол қойды:

    -  әлеуметтік төлем ставкаларының мөлшерін 1 % дейін төмендету (барлығы 4% - ЖТС, МЗЖ, СО, МӘМС, бұл ретте әлеуметтік төлемдердің стандартты ставкаларын қолдану құқығы сақталады);

    - интернет-платформа операторларын салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және төлеу жөніндегі салық агенттері деп тану;

    - интернет-платформада тіркелген орындаушылардың екі арнайы салық режимін қолдану мүмкіндігі.

      Жоғарыда аталған түзетулер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жүктемені азайту, сондай-ақ салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу процесін жеңілдету мақсатында енгізілді.

     Осылайша, интернет-платформа операторы интернет-платформада тіркелген орындаушының табысынан салық және әлеуметтік төлемдер сомасын ұстап қалуға және аударуға міндетті.

      Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жүргізушінің екі және (немесе) одан да көп ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, оның барлық кірістері (жұмыс орны) бойынша туындайтынын атап өтеміз.

     Яғни, егер жүргізуші бір уақытта бірнеше платформада жұмыс істесе, онда әрбір Оператор ЖТС және әлеуметтік төлемдерді жүргізушінің табысынан әр платформа бойынша бөлек ұстауға міндетті.

      Осылайша, егер интернет-платформада тіркелген орындаушының тек такси қызметінен табысы болса, мұндай орындаушы арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолдануға міндетті.

      Егер интернет-платформада тіркелген орындаушының такси қызметі бойынша кірістен басқа өзге де кіріс (дүкені) болған жағдайда, мұндай орындаушы екі АСР қолдануға құқылы, олардың біреуі міндетті түрде арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР болуы тиіс.

      Бұл жағдайда салық және әлеуметтік төлемдер сомасын ұстап қалу және аудару бойынша міндеттеме келесідей жүзеге асырылады:

      - интернет-платформаны (таксист) пайдалана отырып қызмет бойынша-орындаушы үшін міндеттеме интернет-платформа операторына (Яндекс) жүктеледі;

      - басқа қызмет бойынша-міндеттеме дара кәсіпкердің өзіне жүктеледі.

       Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 141 Бұйрығы) интернет-платформада тіркелген орындаушылар қызмет түріне сәйкес келген кезде кез келген АСР -нен мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР-не ауысуға немесе екі АСР (олардың бірі міндетті-арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР) қолдануға құқылы.

     Ол үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның екінші бөлімінде арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланылатын АСР, егер өзге де табыс болса екі АСР  белгілеп,  қағаз тасығышта МКО тапсырады. Ал МКК ақпараттық жүйелерін пысықтағаннан кейін, бұл әрекеттерді «E-Salyq Business» арнаулы мобильдік қосымшасында жасауға болады.

30 сентября 2024
Құрметті салықтөлеушілер!

       Ағымдағы сәтте келіп түскен құжаттардың үлкен көлеміне байланысты ЭШФ АЖ жүктемесі байқалады (бүгін тоқсанның соңғы күні).
      МКК және ЭШФ АЖ әзірлеушілері құжаттарды өңдеу бойынша кезекке мониторинг жүргізеді. Сәл күтіңіз, барлық жіберілген құжаттар қазір жүйеде өңделуде. Өңдеу 2 сағат ішінде аяқталады деп күтілуде.

30 сентября 2024
Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және ақпаратты қорғау жөніндегі ақпараттық технологиялар

         2024 жылғы 25 – 27 қыркүйек аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Ақпараттық қауіпсіздік  басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және ақпаратты қорғау жөніндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында қашықтықтан семинар  өткізді.

        Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің арасында ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті мен хабарлардығының жалпы деңгейін арттыру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

       Ағымдағы жылдың  26 қыркүйегінде сағат 09.30 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

      Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

      Дәріскер ретінде – «Мемлекеттік техникалық қызмет» Акционерлік қоғамы Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығының KZ-CERT сарапшысы – Александр Александрович Маер қатысты.

     Қатысушылар  мемлекеттік қызметтегі ақпараттық қауіпсіздік бойынша негізгі сәттермен танысты.

     Семинардың қорытындысы бойынша  111 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.

30 сентября 2024
Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық форумда көміртегі бағасын талқылайды

        ҚР ҚМ МКК қызметкерлері 2024 жылғы 25-26 қыркүйекте Әзірбайжанның Баку қаласында өткен көміртекті баға белгілеу мәселелеріне арналған халықаралық форумға қатысты. Гибридті форматта өткізілген іс-шараны еуропаішілік салық әкімшілігі ұйымы (IOTA) Әзірбайжанның Мемлекеттік салық қызметімен бірлесіп ұйымдастырды. IOTA 44 елдің салық қызметтерін салықтық әкімшілендіру және қаржылық реформалар саласындағы тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасу үшін біріктіреді. Қазақстан 2012 жылдан бастап IOTA мүшесі болып табылады.

       Форум көміртекті реттеу саласындағы мамандар мен сарапшыларды жинады, олар көміртегі салығы, шығарындылар бойынша сауда жүйелері және аралас модельдер туралы заманауи халықаралық тәжірибелерді талқылады. Салық шаралары арқылы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және "жасыл" экономиканы ынталандыруға бас назар аударылды.

      Пікірталастың маңызды бөлігі көміртегі бағасына қатысты халықаралық тәсілдердегі айырмашылықтар болды, бұл климаттың өзгеруіне бағытталған күш-жігерді жаһандық үйлестіруді қиындатады. Талқылау кезінде дамушы елдер үшін экономикалық салдарды азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы