2024 жылғы 2-4 қазан аралығында Бішкек қаласында ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ТМД СҚБҮК) ХХХІ отырысы өтті, онда талқылаудың негізгі тақырыбы "ҚҚС әкімшілендіру кезіндегі цифрлық шешімдер туралы ашықтық пен оны қайтарудың қарапайымдылығы" мәселесі болды.
Қазақстан делегациясын ҚР ҚМ министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов басқарды.
Отырыс барысында, СҚБҮК-тің 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарын орындау қорытындылары, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға салық салу көрсеткіштерін талдау, ақпарат алмасуды жетілдіру бойынша ұсыныстар мәселелері талқыланды.
Отырыс аясында ТМД салық сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті, кадрлық әлеуетін дамыта отырып, бірлескен жобаларды алға тартты.
Келесі отырысты Ресей Федерациясында өткізу жоспарлануда, онда негізгі тақырыптардың бірі қазақстандық тарап қарқынды дамып келе жатқан технологиялар уақытының шындығын ескере отырып, "Салық инспекторы – бүгін және ертең" деген мәселені талқылауды ұсынды.
2024 жылғы 4 қазанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне арналған іс-шара өтті.
Аталған іс-шарада ҚР ҚМ МКК Әдеп жөніндегі уәкілі Слямов Бақытжан, ҚР ҚМ Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары Тоқбергенова Динара, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алдын алу қызметінің офицері Айдарханов Асан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас сарапшысы Әзіретқұлов Рамазан сөз сөйледі.
Іс-шара барысында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамыту тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңалықтары, Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттары аясындағы мәселелер талқыланды.
Семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге және де басқада ақылы қызметпен айналысу құқығына қатысты сұрақтар қойды.
ҚР ҚМ МКК қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
Жаңа «Санды қосылған құн салығы» пилоттық жобасын Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бәрлесіп жүзеге асырады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры Қадыр Исмагулов, ҚР Ұлттык банкінің төлем жүйелері Департаментінің төлем жүйелері саясаты басқармасы бастығының орынбасары Арлен Молдабеков және ҚР Ұлттык банкінің өкілі, төлем технологияларын дамыту Департаментінің бас сарапшасы Руслан Қоңырбаев өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Жобаның негізгі мақсаты – қосылған құн салығын қайтару бойынша мемлекеттік қызметті жаңғырту және дамыту болып табылады. Ол үшін санды теңгені қолдану көзделген.
Бұл ретте, санды теңге бойынша анықтама беріп қысқаша тоқтала кетейін. Осыған дейін валютаның 2 түрі – қағаз ақша және банктегі қолма-қол ақшасыз түрі болса, санды теңге – ұлттық валютаның жаңа, үшінші түрі. Оның басқалардан негізгі айырмашылығы – есеп айырысу функциясымен қатар қаржылық қозғалыстарды бақылау құралы болып табылады.
Бұл алдыңғы қатарлы сандық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сандық теңгені токендеу технологиясы ақшаны бағдарламауға және инновациялық қаржылық қызметтерді ендіруге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба ерікті негізде жүргізілетін болады және осы кезеңде қосылған құн салығын жедел қайтару мақсатында экспорттаушыларға бағытталған (5 қатысушы).
Қосылған құн салығын қайтару – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды толғандыратын ең өзекті мәселелердің бірі.
Тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу жүргізілмейді, бұл ретте экспорттаушы сатушыдан немесе өндірушіден тауарларды, шикізатты сатып алу кезінде төленген салық сомаларын өтеуге құқылы.
Санды қосылған құн салығын шеңберінде не ұсынылады және ол үшін не істеу керек?
Пилоттық жоба шеңберінде 55 (экспорт 70% - дан астам болғанда) және 75 жұмыс күнінің орнына 15 жұмыс күні ішінде салықтық тексеру жүргізбестен қосылған құн салығын қайтару ұсынылады.
Ол үшін қатысушыға қосылған құн салығы деп таңбаланған (бағдарламаланған) цифрлық теңгені Ұлттық банктен Екінші деңгейдегі банктер арқылы сатып алу қажет, ол тек электрондық шот – фактуралар бойынша жеткізушілермен және бюджетпен қосылған құн салығын төлеу бойынша есеп айырысу мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.
Цифрлық теңгені олардың таңбаланған бөлігінде басқа мақсаттар үшін пайдалануға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды.
Олар қосылған құн салығын түрінде қазынашылық шотқа түскеннен кейін ғана Қазынашылық комитеті оларды Ұлттық банк арқылы таңбаны шешеді және бюджетке есептейді.
Өз кезегінде, цифрлық теңгемен жасалған транзакциялар бойынша барлық ақпаратты, сондай-ақ өнім берушілер мен бюджетке түсетін түсімдер бойынша қосылған құн салығының қозғалысы туралы мәліметтерді Ұлттық Банк Мемлекеттік кірістер органдарына беретін болады.
Мұндай тетік мемлекеттік кіріс органдарына салықтық тексеру жүргізбестен қысқа мерзімде қосылған құн салығын қайтару үшін жеткілікті ақпаратқа ие болуға мүмкіндік береді.
Бұл экспорттаушыларға қандай артықшылықтар береді?
Біріншіден, қосылған құн салығын жедел қайтару экспорттаушыларға қаржы айналымының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде бизнестің, өндірістің тұрақтылығына және оны кеңейту мүмкіндіктеріне оң әсер етеді.
Екіншіден, қосылған құн салығын қайтарудың мерзімдері мен толықтығының айқындылығы бизнес-процестерді дәл жоспарлау, контрагенттермен есеп айырысу, кредиттік міндеттемелерді орындау және басқа да шығыстарды қамтамасыз етеді, бұл да кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Үшіншіден, салықтық тексерудің азаюы кәсіпкерлерге оң әсерін береді, салықтық тексерудің өзі әрдайым күйзеліске әкеледі, құжаттарды дайындау және ұсыну бойынша көптеген қосымша жұмыстармен бірге жүреді, бұл кәсіпкерге ыңғайсыздық тудырады (20.09.2024 ж. - 3325 тексеру).
Пилотты Ұлттық банкпен бірлесіп сәтті өткізген жағдайда, бұл тетікті басқа да маңызды бағыттар бойынша табысты іске асыруға болады.
Жалпы, біз адал кәсіпкерлер үшін көптеген артықшылықтар мен ыңғайлылықтарды көреміз – қосылған құн салығын тез қайтару ғана емес, сонымен қатар салық органымен тікелей байланысты азайту, бұл салықтық бақылау шараларына, яғни тексерулерге, камералдық бақылауға және салық органдарының басқа шараларына, қатысты. Біздің бағалауымыз бойынша бақылау шаралары 50% - дан астам немесе екі есе қысқарады.
Өз кезегінде, бұл 2 негізгі себеп бойынша сыбайлас жемқорлық элементтерінің төмендеуіне айтарлықтай әсер ететінін атап өткен жөн:
Сондай-ақ, бұл елдің инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыру түрінде мультипликативті әсер береді.
Ұсынылған тетік Мемлекет басшысының белгілеген салықтық бақылауды цифрландыру тәсілдеріне сәйкес келеді және қойылған макроэкономикалық міндеттерді шешеді.
Осы жылдың 20-қыркүйегінен бастап салық/кеден органдары және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы салықтөлеушілердің ой-пікірлерін айқындау мақсатында Комитет Telegram-дағы Salyqbot сауалнамаларын, атап айтқанда «МКО қызметтерінің сапасы туралы» және «МКО қызметі туралы ой-пікір» сауалнамаларын жаңартты.
Бұл сауалнамалар QR кодтар арқылы қол жетімді, олар автоматты түрде «SalyqBot» қосымшасына өтеді. Телефонның камерасын немесе кез-келген бағдарламалық қамтамасыз етудің (Google Yandex және т.б.). камерасын бағыттаңыз. Сауалнама нәтижелері Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.
Сауалнамаға қатысыңыз, Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
1) «МКО қызметтерінің сапасы туралы» 2) «МҚК қызметі туралы ой-пікір»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап Астана-1 арқылы жіберілген кедендік декларациялардың мәртебесін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болатындығын хабарлайды.
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді «Цифрлық ҚҚС» ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету тақырыбында өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.
Спикер:
- Исмагулов Қадыр Рыспанұлы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің директоры;
- Қоңырбаев Руслан Базарбайұлы, ҚР Ұлттық банкінің өкілі, төлем технологияларын дамыту Департаментінің бас сарапшысы;
- Модератор – Калменова Гүлжан Сұлтанмахмудқызы, ҚР ҚМ МКК-нің ресми өкілі.
Уақыты: 2024 жылғы 3 қазан сағ: 15:00-де
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2024 жылғы 2 қазан сағат 18.00-ге дейін 71-81-93 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
2024 жылғы 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО) Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасымен бірлесіп ОӘО базасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру» - (көліктік бақылау, санитарлық-карантиндік бақылау) тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша кеден бекеттері қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады.
Тыңдаушылар ретінде Абай, Алматы, Жетісу,Түркістан, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер:
- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы - Альжанов Муратбек Сайлауович;
- ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының сарапшысы - Нурланов Абылайхан Русланович;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Кисаков Нурхан Мусаевич сөз сөйледі.
Семинардың қорытындысы бойынша 46 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға 02.10.2024 жылы Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің электрондық құжаттарды өңдеуді оңтайландыру мақсатында жаңарту жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген уақыт аралығында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
2024 жылдың 24-26 қыркүйегінде Гонконгта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша салықтық ынтымақтастық BRITACOM мәселелері бойынша 5-ші Форум өтті. Іс-шараның тақырыбы «белдеу мен жолды» жоғары сапалы дамыту үшін салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету» болды.
BRITACOM - трансшекаралық сауда мен инвестициялар үшін кедергілерді жою, тұрақты, теңгерімді және инклюзивті экономикалық өсу үшін әділ және негізделген салық ортасын құру мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын салық әкімшіліктерінің коммерциялық емес ресми ынтымақтастық механизмі.
Форум жұмысына салық қызметтері мен сарапшылардан, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың өкілдерінен және әртүрлі елдер мен өңірлерден келген кәсіпкерлерден 400-ден астам қатысушы қатысты.
Қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов басқарды.
Қазақстан делегациясы «Салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды ілгерілету» сессиясының модераторы болып, іс-шараға қатысушыларды мақсатты топ жүргізген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.
BRITACOM аясында салықтық әкімшілендірудің түрлі бағыттары бойынша нысаналы топтар құрылды. Цифрландыру жөніндегі нысаналы топты Қазақстан басқарды. Құрылған топтардың мақсаты-елдердің тәжірибесін зерделеу және белгілі бір бағыт бойынша салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстармен қорытынды есеп дайындау.
Форум қорытындысы бойынша салықтық юрисдикциялардың BRITACOM дамуына қосқан үлесі үшін грамоталар табысталды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысы цифрландыру жөніндегі нысаналы топқа төрағалық еткені және 2021 жылы 2-ші форум өткізгені үшін грамоталармен атап өтілді.
Форум аясында төрағаның орынбасары С. Ахметов ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің министрі Ху Цзинлинмен «аяқтағы» кездесу, Қаржы қызметтері және қазынашылық бюросының хатшысы Кристофер Хуэймен, ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі Министрінің орынбасары Ван Даошумен және Гонконгтың ішкі салықтар департаментінің комиссары Там Тайпанмен келіссөздер өткізді.
Ван Даожунмен келіссөздерде С. Ахметов екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ Қазақстандағы Қытай маркетплейстерінің жұмыс істеу мәселелерін көтерді.
БСӘ Министрінің орынбасары төраға орынбасарының ұсыныстарын қолдап, мәселелерді шешу үшін ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық тәртібі мен форматын регламенттейтін екіжақты құжатқа қол қою және Салық мәселелерінде өзара көмек көрсету үшін жұмыс жүргізуге келісті.
Қаржы қызметтері және қазынашылық бюросының хатшысы және Гонконгтың ішкі кірістер департаментінің комиссарымен кездесулер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гонконг АӘА Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге қол қою мүмкіндігі мен қажеттілігін талқылау бағытында өтті. Тараптар құжаттың жобасын әзірлеу үшін қосымша келіссөздер жүргізуге келісті.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.