Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аймақтар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
25 сентября 2025
Оқушылар қаржылық сауаттылықты қалай үйренуде: ҚМ МКК-ның дәрісі

         24 қыркүйекте ҚМ МКК өкілдері «Адал азамат» бағдарламасы аясында №103 мектептің 9–11 сынып оқушылары мен ата-аналарына дәріс өткізді.

        Кездесудің тақырыбы — қаржылық сауаттылық құндылықтарын қалыптастыру және жеке қаржыны жауапты басқару.

       Қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берілді:

▫️ жалпыға бірдей декларациялау;

▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы;

▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік.

         Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

        Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді.

25 сентября 2025
Аңдатпа!

       Құрметті БАҚ өкілдері!

       Сіздерді « Салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, сонымен қатар салық және кедендік аудит мәселелері бойынша өзекті нормалар» тақырыбында өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.

      Спикері:

      Нұрғожаев Дәурен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық аудит басқармасының басшысы.

      Модератор – Гүлжан Калменова, ҚР ҚМ МКК-нің ресми өкілі.

      Уақыты: 2025 жылғы 26 қыркүйек сағ.11:00-де

      Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.

      БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін 71-81-93, 8-775-273-05-57 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

24 сентября 2025
Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады

         Арнайы салық режимімен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын, сондай-ақ бұл жеңілдік берілмейтін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің алдын ала тізімі аптаның соңына дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі елдегі барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолданылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанадағы жаңа Салық кодексін түсіндіру жөніндегі семинарда мәлімдеді.
       Серік Жұманғарин айтқандай, оңайлатылған режиммен жеке тұлғаларға бөлшек сауда қызметін көрсететін кәсіпкерлер ғана жұмыс істей алады. Заңды тұлғалармен жұмыс істейтін компаниялар толыққанды бухгалтерлік есеп пен шегерім қолданылуы қажет жалпы салық салу режимімен жұмыс істейді.
      «“Тыйым салу” деп аталатын тізімге бизнеске арналған тауар өндіріп, қызмет көрсететін сала кіреді. Бұл саладағы жиынтық айналымның 76%-дан астамы жалпыға бірдей режимді қолданатын салық төлеушілермен жасалатын мәмілеге жатады», — деді Серік Жұманғарин.
Бұл өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар, 2 мың шаршы метрден асатын алаңдардағы көтерме және ірі бөлшек сауда кәсіпорындары. Шектеу телекоммуникация, интернет және IT, қаржылық және сақтандыру қызметі, консалтинг, кәсіби және агенттік, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер секторына қолданылады.
        Атап өтілгендей, жекелеген секторларда мұндай операциялардың үлесі іс жүзінде 100%-ға жетеді: құрылыста – 99,9%, жер қойнауын пайдалануда – 98,7%, көлік пен қоймада – 96,7%. Бұл сандар бүгінде жеңілдетілген режимнің едәуір бөлігін шағын бизнес емес, экономиканың үлкен сегментіне біріктірілген ірі компаниялар қолданатындығын айқын көрсетеді.
       «Жалпы алғанда, сөз экономикалық қызметтің 700-ден астам түрі туралы болып отыр. Бұл барлық ЭҚЖЖ-нің шамамен 70%-ы. Алайда, салық төлеушілер тұрғысынан алсақ, жеңілдетілген режимге тыйым салу кәсіпорындардың шамамен 30%-на ғана әсер етеді», — деді ол.
       Жеңілдетілген салық режимі сақталатын екінші топта бизнестің 300-ден астам түрі бар. Олардың қатарында 2 мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңдарындағы бөлшек сауда, дәріханалар, қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үйлер, тұрғын үй мен көлікті жалға алу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, жолаушылар тасымалы, балабақшалар мен үйірмелер, медициналық және әлеуметтік қызметтер бар. Тізімге халыққа қажет тұрмыстық және құрылыс қызметі, креативті индустрияның жекелеген түрлері, мәдени және спорттық нысандар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кіреді.
        Осылайша, алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген режимді қолдану барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ы үшін сақталады. Бұл дегеніміз, тұрғындарға бағдарланған шағын бизнестің негізгі бөлігі жеңілдетілген салық режимін пайдалануды жалғастырады дегенді білдіреді. Ал ірі және жүйелік қызмет жалпы белгіленген режимге ауысады.
       «Тізімдердің жобасы әлі де әзірленуде. Алдын ала тізімді "Ашық НҚА" порталында орналастыруды жоспарлап отырмыз. Ол жарияланғаннан кейін бизнеспен және сарапшылармен талқылау жалғасады», — деді вице-премьер.
         Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексіндегі маңызды өзгеріс банктік шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту. Оның орнына кәсіпкерлерге өздерінің шаруашылық қызметіне нұқсан келтірместен кемшіліктерді уақтылы жоюға мүмкіндік беретін алдын ала камералдық тексеру форматы енгізілуде. ​Салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға ерекше назар аударылды. Реформа шеңберінде салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Мұндағы басты басымдық тек бақылау шарасын қолдану емес, бизнесті қолдау және кеңес беру.
       ​«Қарастырылған өзгерістер кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Салық есептілігін азайту және салықты азайту бизнеске қағазбастылыққа емес, дамуға назар аударуға мүмкіндік береді. Шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту – бұл әділ және ашық қарым-қатынасқа қарай жасалған маңызды қадам. Онда мемлекет компаниялардың жұмысын тоқтатудың орнына мәселені шешуге көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекет пен кәсіпкер арасындағы диалогты нығайтып, қолайлы инвестициялық ахуал туғызады», — деп атап өтті Мәди Такиев.
         Басқа да өзгерістер қатарында сараланған салық ставкаларын, прогрессивті ЖТС ставкаларын, сән-салтанат салығын және арнайы салық режиміндегі өзгерістерді енгізу бар. Азаматтарға арналған жаңа Салық кодексіне сәйкес зейнетақы төлемі ЖТС-тен босатылып, 10 жылдан асқан автокөлік үшін көлік салығы төмендетіледі. Мүгедектігі бар адамдар үшін салық шегерімдері кеңейтіліп, әлеуметтік маңызы бар медициналық қызметке ҚҚС бойынша жеңілдік көзделген. Бизнес үшін арнайы салық режимі оңтайландырылды. Енді тек үшеу ғана қалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізіндегі шағын бизнес өкілдері үшін және фермерлер үшін. Бұл ретте ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 70 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендейді. Бұл салық төлеушілер шеңберін кеңейтеді. Өз кезегінде, ​«Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын және салмақты шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.
        ​«Біз кәсіпкерлермен және уәкілетті органдармен пікір алмасамыз. Мәселенің бір бөлігі ішкі нормативтік құжатпен реттеледі. Егер тәжірибе Салық кодексіндегі кейбір тармақтың есепке алынбағанын және оның бизнеске теріс әсер ететінін көрсетсе, онда ҰКП Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірге НҚА-ға қажетті түзетулерді жедел енгізе алады», — деді ол.
       Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика Серік Жұманғариннің, қаржы министрі Мәди Такиевтің, Мемлекеттік кірістер комитеті мен ​«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды іс-шарамен аяқталды.
        Семинар онлайн режимде, еліміздің барлық 20 өңірінде МКК өңірлік бөлімшелерін қосу арқылы көрсетілді. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақты офлайн және онлайн режимінде қойып, толық жауап алды.

 

24 сентября 2025
Құрметті пайдаланушылар!

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 04.00 бастап 06:00-ға дейін «Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
       Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде ОСДШ АЖ ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.

       Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

24 сентября 2025
Мемлекеттік кірістер комитеті Ұшқышсыз ұшу аппараттары жағдайын түсіндіріп, ресейлік БАҚ-тағы жарияланымдарды жоққа шығарды

       2025 жылғы 22 қыркүйекте бірқатар ресейлік БАҚ-та ресейлік кеден органдарының Қазақстан Республикасынан әкелу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) ұстағаны туралы ақпарат жарияланды.

     Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дерек шындыққа жанаспайды және оқиғаның нақты мән-жайы көрсетілмеген.

     Іс жүзінде аталған ҰҰА 2025 жылғы 13 маусымда «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері тарапынан Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарсыз әкелуге әрекет жасау кезінде ұсталған болатын.

      Белгіленген тәртіпке сәйкес жүк экспорттық бақылау шараларын қолдану үшін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне берілді.

     Уәкілетті органға жолданған сұрау салу нәтижелері бойынша ҰҰА әкелудің рұқсат беру тәртібіне жататын арнайы тауарларға жататыны расталды.

     Осыған байланысты материалдар сотқа жолданып, сот жүк иесін ҚР ӘҚБтК-ге сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.

     Барлық көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін жүк жөнелтілетін елге кері әкету міндеттемесімен иесіне қайтарылды.

      2025 жылғы 15 қыркүйекте аталған тауар Ресей Федерациясына шығарылып, бұл туралы қолданыстағы екіжақты тәртіпке сәйкес іргелес тарап тиісті түрде хабардар етілді.

      Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада көзделген экспорттық бақылау рәсімдерін толық көлемде іске асырды.

24 сентября 2025
Салық кодексі
22 сентября 2025
Кәсіптік оқыту курсы

        2025 жылғы 8-19 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.

       Іс – шараның мақсаты - салық пен кеден саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

       Курсқа тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ МКК Орталық аппаратының және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
        Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша 26 тақырыпты зерделеді.
        Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты. Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.Қорытындысында 235 қатысушы курсты сәтті аяқтағаны туралы электронды куәліктер алды.

19 сентября 2025
Салық реформасы экономика мен туризмге тың мүмкіндіктер береді

        Жаңа Салық кодексі экономиканың барлық саласына оң әсер етеді: ауыл шаруашылығы мен туризмнен бастап өнеркәсіп пен қызмет көрсету сегментіне дейін. Сондықтан да ҚР Қаржы министрлігі еліміз бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айталық, кәсіпкерлер мен тұрғындарға арналған семинарлар, кездесулер ұйымдастырылып, мамандар жаңа ережелерді түсіндіріп, кәсіпкерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп келеді.

       Мәселен, Қонаев қаласындағы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың қатысуымен өңірдегі салық төлеушілерге арналған семинар өтті.

       Қонаев қаласы – Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан облыс орталығы болып саналады.  Шаһардың өңірлік ішкі туризм саласындағы әлеуеті біртіндеп нығайып келеді.  Сондықтан да кездесуде туризм бағытындағы салық  мәселелеріне ерекше назар аударылды.

      Жаңа заңда осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген салық режімдері мен төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған. Енді олардың үшеуі қалып отыр. Біріншісі – табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын қамтитын бірыңғай төлемді төлей алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Екінші режім жеңілдетілген декларацияға негізделіп, ол шағын және орта бизнеске бағытталған: салық кірістің тек 3% қамтиды. Үшінші режім өндірісті дамытып, инвестиция тартуды көздейтін әрі жеңілдетілген мөлшерлемелері бар шаруа (фермерлік) қожалықтарына арналған.

      «Жаңа кодекс көлеңкелі экономиканы азайтып, қаржы ағындарының ашықтығын арттыруды көздейді. Туризм үшін бұл әділ бәсекелестікпен қатар мемлекеттік қолдау шараларына, оның ішінде өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қол жеткізуге жол ашады. Мұның бәрі жаңа демалыс орындарының ашылуына, қызмет көрсету сапасының артуына және халықаралық туризм нарығында Қазақстанның тартымдылығын арттыруға оң әсер етуі тиіс», деді Жәнібек Нұржанов.

 

19 сентября 2025
ҚР Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы: деңгейлес мониторинг жүйесін енгізу

       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің (14-тарауының 2-параграфы) ережелерін іске асыру мақсатында «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

       Деңгейлес мониторинг дегеніміз не?

      Деңгейлес мониторинг – салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы ашықтық, сенім мен әріптестік қағидаттарына негізделген өзара іс-қимылдың жаңа нысаны. Негізгі мақсаты – салықтық тәуекелдерді азайту және салықтық бақылау рәсімдерін компанияның кәсіпкерлік қызметіне араласпай оңайлату.

      Бұйрық жобасының негізгі ережелері:

  • деректер витринасына, ішкі бақылау жүйесіне және есептілікті ашуға қойылатын талаптар белгіленген;
  • деңгейлес мониторинг жүргізу туралы өтініштерді беру, келісімдер жасасу және бұзу тәртібі белгіленген;
  • мониторинг жүргізу рәсімі регламенттелген.

      Мониторинг қалай жүргізіледі?

  • Жүйеге қатысу ерікті болып табылады. Өлшемшарттарға сәйкес келетін компаниялар уәкілетті органмен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы келісім жасай алады.
  • Өзара іс-қимыл электрондық форматта, салықтық есептілікке, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе – «деректер витринасы» арқылы жүзеге асырылады.
  • Мұндай тәсіл салық төлеушілердің қызметін жедел талдауға, рәсімдерді оңайлатуға және салықтық бақылау мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

      Бизнес үшін артықшылықтары:

  • әкімшілік жүктемені азайту;
  • салықтық әкімшілендірудің болжамдылығы мен ашықтығы;
  • дәстүрлі тексерулер санының азаюы;
  • бизнес пен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту.

         Деңгейлес мониторинг — бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог пен әріптестікке жасалған қадам.

 

 

19 сентября 2025
Аукцион

        Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды: www.e-qazyna.kz сайтында салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар «СЕРТ» АҚ-ның мүлкін өткізу жүргізілуде. Аталған мүлік Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі, 272 «А» мекен-жайында орналасқан.

       Жалпы ауданы 40 017,70 ш.м. болатын ғимараттар мен құрылыстар түріндегі жылжымайтын мүлік, жалпы ауданы 7,5946 га жер учаскесі, жалпы ұзындығы 1,143 км теміржол жолдары және 308 дана негізгі құралдар. Кадастрлық нөмірі: 20:314:001:066, жылжымайтын мүлік түрі (мүліктік кешен); тұрғын үйге жатпайтын қор, бағалау құны: 8 228 178 000 теңге.

       Сауданың басталу уақыты: 30.09.2025 жылы, сағат 11:00.

       Алдағы сауда-саттық туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auctions/349546/view.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты