Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аймақтар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
26 сентября 2024
АҢДАТПА!

            Құрметті БАҚ өкілдері!

           Сіздерді «Қызметін интернет платформа арқылы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салық салу туралы» тақырыбында өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.
          Спикерлер:
          Шыңберген Ерқанат Камидоллаұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.
          Уақыты: 2024 жылғы 30 қыркүйек сағ: 15:00-де
          Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.
           БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2024 жылғы 27 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін 71-81-93 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

26 сентября 2024
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру

       2024 жылғы 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО) Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасымен бірлесіп ОӘО базасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру» - (көліктік бақылау, санитарлық-карантиндік бақылау) тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.

      Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша кеден бекеттері қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады. 

      Тыңдаушылар ретінде Абай, Алматы, Жетісу,Түркістан, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

     Дәріскерлер:

          - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы - Альжанов Муратбек Сайлауович;

          - ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының сарапшысы - Боранбай Адиль Саятович;

         - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Кисаков Нурхан Мусаевич сөз сөйледі.

         Семинардың қорытындысы бойынша 41 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.

 

25 сентября 2024
АҢДАТПА!

      2024 жылғы 26 қыркүйек сағат 15:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
     Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Кандылда Балгын Серікқызы сөз сөйлейді.
     Модератор – Калменова Гүлжан Сұлтанмахмудқызы, ҚР ҚМ МКК-нің ресми өкілі.
     ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.

25 сентября 2024
Кедендік әкімшілендіру

        Астана, 2024 жылғы 25 қыркүйек — ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Габит Оразов 2024 жылдың сегіз айындағы кедендік әкімшіліктің жұмыс қорытындыларын таныстырды.

      Негізгі көрсеткіштер

      Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жалпы түсімдер 2 346 млрд. теңгені немесе белгіленген жоспардың 78%-ын құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өсім 92%-ды құрады.

        Кедендік әкімшілік шаралары арқылы бюджетке қосымша түсімдер 103,8 млрд. теңгені құрады.

        Электронды кедендік төлемдерді есептемегенде, түсімдер 1 467 млрд. теңгені, жоспардың орындалуы 71%-ды, 2023 жылмен салыстырғанда өсім  93%-ды құрады.

         Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 123,9 млрд. АҚШ долларына жетті, оның ішінде экспорт 95,4 млрд. доллар, импорт 28,5 млрд. доллар.

         Қытаймен тауар айналымы 27,7 млрд. долларды құрады, оның ішінде экспорт 20,1 млрд. доллар.

         Үшінші елдермен шекарадағы (Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан) автомобиль өткізу пункттері арқылы 860 мыңнан астам автокөлік құралдары өтті. Өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда өткізу қабілеттілігінің артуы 39% құрады.

       Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру

       «Qoldau.kz» платформасындағы «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесі одан әрі дамуда. Брондау процесін жеңілдету мақсатында «Менің гаражым» және «Менің жүргізушілерім» функциялары енгізіледі, бұл әр уақытта автомобиль мен жүргізушінің реквизиттерін енгізбей, тізімнен қажетті автомобиль мен жүргізушіні таңдауға мүмкіндік береді.

        Бұл жаңартулар 4-ші тоқсанның ортасында жоспарланған. Жылдың соңына дейін жүйе Ресеймен шекарада 9 жаңа өткізу пунктінде іске қосылып, Қырғызстанмен 7 пунктте кеңейтіледі

        Қағазсыз транзит бойынша. Трансшекаралық сауда рәсімдерін оңайлату және транзиттік тасымалдарды ұлғайту мақсатында МКК Орталық Азия, Каспий өңірі және Закавказье елдерінің көлік дәліздерін дамыту шеңберінде транзит рәсімдерін оңайлату туралы Тұжырымдама мен көпжақты келісімнің жобалары әзірленді, олардың мақсаты өңір елдерінде қағазсыз транзит экожүйесін енгізу болып табылады.Көпжақты келісімнің жобасы қатысушы елдерге жіберілді, нәтижесінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан ескертулер мен ұсыныстар алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Өзбекстан Республикасында келісім мәтінінің түпкілікті нұсқасы бекітілетін бетпе-бет кеңес өтеді.

       Теміржол транзитін автоматтандыру бойынша. Үшінші елдерге теміржол тасымалын кедендік бақылауды автоматтандыру мақсатында («өтпелі транзит») мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясы кеңейтілуде. Транзитті декларациялау процесін автоматтандыру:қағаз құжаттарды ұсынуды болдырмау және оларға кедендік белгілер қою; - транзиттік декларацияларды автоматты режимде тіркеуді және шығаруды енгізу; ТБЖ талдау негізінде мемлекеттік бақылау жүргізу; бір контейнерлік пойызды кедендік ресімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарту.

       Ақпараттық жүйе

     «APCAS». МКК ҚР Азаматтық авиация комитетінің "APCAS" ақпараттық жүйесіне (әуе жолаушылары бойынша деректерді жинау жүйесі) қол жеткізу мәселесін пысықтады. Бүгінгі таңда "КЕДЕН"АЖ-мен интеграция мәселесі пысықталуда. Жүйені пайдалану жеке тұлғаларды бақылауды жүйелендіруге, кедендік бақылауды жүзеге асыру уақытын қысқартуға және авиакомпаниялардың/әуежайдың қағаз жеткізгіштің келетін/кететін жолаушылардың ведомосін ұсынуын болдырмауға мүмкіндік береді.

       «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» АЖ

«Бірыңғай терезе» порталында уәкілетті органдардың жекелеген рұқсат беру құжаттары, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялар, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер, көлік құралының типін және шасси типін мақұлдау автоматтандырылған. Кеден сфере саласында бірқатар мемлекеттік қызметтер іске қосылды. Растайтын құжаттар мен мәліметтерді бірнеше рет ұсыну қажеттілігін болдырмау мақсатында бөгде АЖ-мен 19 интеграция іске асырылды.

        «Кеден» АЖ әзірлеу. 2024 жылдың соңына дейін "Кеден" АЖ жаңа кеден жүйесінің функционалын кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда, оған кедендік операциялардың барлық кезеңдері рұқсат беру құжаттарын әкелуден және алудан бастап тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін,
«АСТАНА-1» АЖ және «бірыңғай терезе» қолданыстағы функционалын ауыстыра отырып, оның барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау кіреді.

       Сондай-ақ жүйе декларацияларды алдын ала толтыруды, ресімдеудің кез келген кезеңінде кедендік бақылауды, кедендік әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз ететін бұзушылықтарды тіркей отырып ресімдеу кезеңдерін автоматтандыруды, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланған бақылауды және ресімдеуді көздейді.

25 сентября 2024
Құрметті салық төлеушілер!

       Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 5 тамызда алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын сияқты акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымы туралы декларация тапсыру үшін Салық төлеуші кабинетінің функционалдығын іске қосты. Бұрын бұл деректер Акциз АЖ арқылы берілген болатын.

      Қазіргі уақытта 3 602 пайдаланушы тіркелді, олардың ішінде 2 149 — заңды тұлғалар, 1 153 — жеке кәсіпкерлер және 272 — жеке тұлғалар. 2024 жылдың шілде және тамыз айларында 13 320 декларация тапсырылды.

     Жаңа жүйе салық төлеушілердің тілектерін ескере отырып, сондай-ақ электрондық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында әзірленді. Іске қосылған сәттен бастап функционалды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар келіп түсті, олардың кейбіреулері іске асырылды.

    Мемлекеттік кірістер комитеті Салық төлеушінің кабинетін пайдаланушыларға ыңғайлы және қол жетімді ету үшін оның функционалдығын кеңейтуді және жаңартуды жалғастырады.

23 сентября 2024
Қазақстан арқылы Еуропаға темекі өнімдерінің контрабандасын тасымалдау әрекеті тоқтатылды

       19 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша МКД "Алтынкөл-жол" кеден бекетінің қызметкерлері облыстық ЭТД және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп Еуропаға "түрлі маркалы темекі" түріндегі темекі өнімдерін контрабанданың қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

      Құқықбұзушылар контрабандалық жүкті кедендік бақылаудан жасыру үшін арнайы құпия орында "жарық панельдері" өнімі ретінде мұқият бүркемелеп, теміржол контейнері арқылы өткізуге тырысқан.

     Заңсыз жүктің жалпы саны-447 мың қорапты (8 млн дана), салмағы 9 мың кг, кедендік құны 87 млн. теңгені құрады.

    Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

23 сентября 2024
ҚР ҚМ МКК Төрағасының Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бойынша кеден бекеттеріне жұмыс сапары

       20-21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев жұмыс сапарымен Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының кеден бекеттерінде болды.

      Ақтөбе облысында облыстың Шекара қызметінің басшылығымен бірлесіп "Жайсан" автомобиль өткізу пункті қаралды, оның барысында экспорттық бақылау және шекара қызметі бөлімінің қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

     Сондай-ақ шекаралық инфрақұрылыммен, бөлімшелерді техникалық құралдармен жабдықтаумен танысып, өткізу пунктінің жұмыс процесі талқыланды. Қызметтердің өзара іс-қимылы бойынша бірқатар тапсырмалар мен түсініктемелер берілді.

     Маңғыстау облысында Төраға Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) учаскесінде орналасқан негізгі теңіз порттарында болып, жүктерді өңдеу және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл процестерімен танысты.

     Сапар барысында "Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту барысымен тексерілді.

     Сапар қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіру, сондай-ақ "Тәжен"өткізу пунктінде құрылыс жұмыстарын жеделдету қажеттілігі жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

     По итогам визита, был дан ряд поручений по совершенствованию оказания государственных услуг с применением информационных систем, а также необходимостью ускорения строительных работ на пункте пропуска «Тажен».

21 сентября 2024
МКК төрағасының Ақтөбе қаласында халықпен кездесуі

      2024 жылғы 20 қыркүйекте  Ақтөбе қаласында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР ҚМ МКК төрағасы Жандос Дүйсембиев халықпен кездесу өткізді.
Кездесуге "Атамекен" ӨКП өкілдері, аутсорсингтік компания директорлары, бухгалтерлер үйі, "КАБА" (Қазақстандық Бухгалтерлік аутсорсинг қауымдастығы), қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бизнес субъектілері қатысты.
     Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу барысында МКК төрағасы атқарылған шаралар туралы, Салық және кеден заңнамасының нормаларын өзгерту бөлігінде айтып берді, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары туралы бөлісті.
     Кездесу аясында Жандос Дүйсембиев ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеудегі негізгі бағыттарды таныстырды, камералдық бақылаудың, жалпыға бірдей декларациялаудың маңызды мәселелері, жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері, Ақпараттық жүйелер, сондай-ақ ҚР Қаржы Министрлігі қызметінің басқа да негізгі аспектілері қозғалды.
     Жандос Дүйсембиев азаматтардың табыстары мен активтерін жалпыға бірдей декларациялаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл шара ашықтық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Өз сөзінің соңында Жандос Дүйсембиев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

20 сентября 2024
ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру

       2024 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

     Аталған семинардың мақсаты - «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

     Дәріскер ретінде Комитеттің Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының сарапшысы - Рахметов Серик Аманжолович сөз сөйледі.

     Семинардың қорытындысы бойынша 108 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.

 

20 сентября 2024
Жалған хабарлама!

      ҚР ҚМ МКК басшылығы атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жиілеп кетті.
     Хабарламаларды интернет-алаяқтар жібереді.
Осыған байланысты, ҚР ҚМ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
    ҚР ҚМ МКК ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы