Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аймақтар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
02 июля 2025
КГД «eSalyq Azamat» мобильдік қосымшасының жоспарлы жаңартылуы

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 2 шілде күні сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Wеb-портал ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында «eSalyq Azamat» мобильдік қосымшасында «Жолаушылардың кедендік декларациясы» сервисі уақытша қолжетімсіз болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

02 июля 2025
Берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

       Салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің мүлкіне қатысты заңнамада көзделген шараларды қолданады. Бұл рәсім төрт негізгі кезеңді қамтиды:

  1. Мүлікке билік ету құқығын шектеу туралы шешім

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 120-бабына сәйкес, мүлікке билік ету құқығын шектеу келесі жағдайларда қолданылады:

  • салық берешегінің болуы;
  • салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану (салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерден басқа).
  1. Мүлікті түгендеу

       Салық төлеушіге тиісті шешім тапсырылғаннан кейін мүлікті түгендеу туралы актісі жасалады. Түгендеуге тез бұзылатын тауарлардан басқа кез келген мүлік жатады. Салық төлеуші растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, содан кейін түгендеу жүргізіледі.

  1. Өндіріп алу және мүлікті өткізуге деректерді беру

       Өндіріп алу туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкер мен оның мүлкі туралы мәліметтер https://e-qazyna.kz электрондық сауда алаңына жіберіледі. Өткізуге борышкердің өз мүлкі де, үшінші тұлғалардың кепілдегі мүлкі де жатқызылуы мүмкін.

  1. Мүлікті өткізу

       Бастапқы баға 7 жұмыс күні ішінде бағалау нәтижесі негізінде белгіленеді. Егер мүлік екі аукционнан кейін де өткізілмесе және берешек өтелмесе, салық органы бұрынғы түгендеу актісінің күшін жоя отырып, басқа мүлікті түгендеуге құқылы.

       Аталған шаралар салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүддені қорғауға және салық тәртібін сақтауға бағытталған.

      Мысалы, 2024 жылы салық берешегін өтеу есебіне өткізілген мүлік сомасы 1 479 млн.теңгені, ал 2025 жылдың 6 айында — 693 млн.теңгені құрады (тұрғын емес үй-жайлар, жер учаскелері, көлік, арнайы техника).

       Аукциондар https://e-qazyna.kz алаңында өткізіледі, оған қатысуға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады! Осыған байланысты
https://e-qazyna.kz сайтына кіріп, бастапқы бағадан 35% төмен қойылған лоттармен танысуға кеңес береміз.

02 июля 2025
Жалған хабарламалар

       ҚР ҚМ МКК басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.

       Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді: Күмәнді хабарламаларға сенбеу; бөгде сілтемелерге өтпеу; белгісіз тұлғаларға ақша аудармау; алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру.

02 июля 2025
Құрметті салық төлеушілер!

      ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 02 шілденің сағат 12:00-ден 12:30-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

       Көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

       Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

01 июля 2025
Қазақстан делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің салық қызметінің халықаралық жастар форумына қатысты

       2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Қазақстан делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің салық қызметінің халықаралық жастар форумына қатысты.

       Форум Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысушыларын салық әкімшілігінің болашағын жобалауда бірлескен командалық жұмыстық кездесу үшін жинады.

       Форумның мақсаты салық қызметі мен әкімшілігі қызметкерлерінің халықаралық қауымдастығында тиімді байланыс орнату, сондай-ақ кәсіби және тұлғалық өсудің өзекті мәселелерін зерделеу және пысықтау болып табылады.

       Форумның бірінші күні «Салық әкімшілендірудің болашағы» - Танысу күні: барлық қатысушылар өз делегацияларын таныстырып, визиткалармен алмасты. Білім беру және жаңа байланыстар – халықаралық ынтымақтастықтың негізі болып табылады. Сондай-ақ әр қатысушы елден шеберлік сабақтары ұйымдастырылған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде қонақтарға салт-дәстүр, мәдениет туралы айтылып, ұлттық дәмді тағамдар мен сусындар ұсынылды.

       Форумның екінші күні «Оқу күні»: - «Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар (блокчейн, ЖИ, машиналық оқыту)» тақырыбындағы дәріс. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бойынша дәрісте жасанды интеллект және машиналық оқыту тақырыптарына тереңірек тоқталды. SpeechKit-ті мемлекеттік органдарға енгізудің сәтті кейсі талқыланды және YandexGPT API мүмкіндіктері таныстырылды. Брейншторм шеңберінде қатысушылар жасанды интелект пен машина оқытуды қолдануға болатын салық саласындағы жобалардың тізімін қалыптастырды. Сондай-ақ халықаралық салық салудың болашағына назар аударылды және цифрлық экономиканың қағидаларға қалай әсер ететіні талқыланды. ТМД елдерінде цифрлық технологияларды қолданудың сәтті кейсі жаңа идеялар мен бастамаларға шабыт берді.

       Форумның үшінші күні «Жұмсақ» дағдыларды дамыту» - болашақ салық инспекторының образын қалыптастыру бойынша командалық жұмыс. Соңғы күні өз жобаларын қорғады, форумда алған идеялар мен тәжірибелерін көрсетті.

       Осылайша, жас мамандардың форумға қатысуы тәжірибе алмасудың бірегей платформасы және байланыстарды одан әрі нығайта түсетін дамудың маңызды кезеңі болды.

01 июля 2025
ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер бойынша

       Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;

4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;

        өзге де салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар мыналарды қамтиды:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім;

оқытуға салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды;

медицинаға салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды;

сыйақылар бойынша салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды.

       Бұл ретте өзге шегерімдерді жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынған кезде ғана дербес қолдануға құқығы бар.

       Салық агенті өзге де шегерімдерді жеке тұлғаның растайтын құжаттарсыз өтініші негізінде күнтізбелік жылға өзге де шегерімдердің жоспарланатын сомасы ретінде айқындалатын, АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде ғана қолдануға құқылы. Тиісінше бұл АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын салықтық шегерімдердің кез келген болжамды сомасы болуы мүмкін. Мысалы, егер жеке тұлғаның салықтық шегерімді қолдану құқығы тек ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыға ғана қатысты болса, онда ол бұл жағдайда алдын ала салықтық шегерім ретінде 118 АЕК мөлшерін қолдана алады.

        ҚР Парламенті қабылдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының заңдарына оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында (бұдан әрі – Заң) мынадай өзгерістер көзделген.

       Заңда жеке тұлға салық агентінде басқа да шегерімдердің алдын ала сомасын әрбір күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 23,5 еселенген мөлшерінде не күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінде қолдану сомасын күнтізбелік жыл шегінде салықтық шегерімдердің асып кету сомасын кейіннен келесі айларға ауыстыра отырып, дербес айқындауға құқылы екендігі көзделген. Осы орайда Заңның өтпелі ережелерінде салық агентінің жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші бойынша күнтізбелік жыл шегінде 2025 жылдың кез келген күнтізбелік айынан бастап өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы екендігі көзделген.

       Осыған байланысты салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану туралы өтініш берген жеке тұлғалар 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруға міндетті. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша жеке тұлға ерікті зейнетақы жарналары, оқуға, медицинаға, ипотеканың сыйақылары бойынша салықтық шегерімдердің қолданылуын іс жүзінде растайтын барлық құжаттарды жинауға, оларды талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақтауға, кірістер мен мүлік туралы декларацияда тиісті құжаттармен расталған күнтізбелік жылға алынған барлық кірістерді және салықтық шегерімдердің іс жүзіндегі сомасын көрсетуге және бюджетке төлеуге не қайтаруға (есепке жатқызуға) жеке табыс салығының сомасын дербес есептеуге тиіс.

       Көпбалалы отбасы үшін ай сайынғы салық шегерімінің шегін теңестіру мақсатында жылдық шегі 282 АЕК болатын көпбалалы отбасының әрбір немесе бір ата-анасы үшін заңда салық шегерімі көпбалалы отбасының бір ата-анасы үшін – әр ай үшін 23,5 еселенген АЕК мөлшерінде не көпбалалы отбасының әрбір ата-анасы үшін – әр ай үшін 11,75 еселенген АЕК мөлшерінде қолданылуы мүмкін деп көзделген.

       Сондай-ақ Заңда жеке тұлғалар үшін нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша оның кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған жеке тұлғалардың шығыстары түрінде қосымша салық шегерімі көзделген.

 

01 июля 2025
АҢДАТПА!

       Instagram парақшасында @press_kyzmet_kgd «Берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкін өткізу тәртібі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Күні: 2025 жылғы 02 шілдеде.
Сағат: 11:00-де.

       Спикер – Арын Қайсар Бақытұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.

       ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.

30 июня 2025
Бейрезиденттерге салық салу

       2025 жылғы 24 - 26 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Ірі салық төлеушілер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасымен бірлесіп «Бейрезиденттерге салық салу» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.  

       Іс-шараның мақсаты – Кодекс ережелеріндегі жаңалықтарға сәйкес Қазақстан Республикасы кіріс көздерінен алынған резидент еместердің салықтарын төлеу.

       Резидент еместер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы қаржы көздерінен алынатын табыстарға салынатын салықтарды төлеу. Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

     -Молдабеков Санжар Мухтарулы - ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасының басшысы;

     -Нурсултанова Шынаргуль Тугеловна - ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасы басшысының орынбасары;

     -Ибраева Кымбат Аруовна - ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасы басшысының орынбасары;Мұхаметжан Светлана Оралқызы - ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасының бас сарапшысы қатысты.

     Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша 94 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттарын алды.   

30 июня 2025
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымы Кеңесінің жыл сайынғы сессияларына қатысты

       Брюссель, 2025 жылғы 26–28 маусым — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің жетекшілігімен қазақстандық делегация Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) 145/146-шы жыл сайынғы Кеңес сессияларына қатысты. Кеңес — ұйымның 186 мүше мемлекетін біріктіретін жоғары басқару органы.

       Брюссельдегі ДКҰ штаб-пәтерінде өткен Кеңес отырысы — ұйым мен жаһандық кедендік қауымдастықтың одан әрі даму бағытын айқындайтын стратегиялық шешімдер қабылданған жылдың басты оқиғасы болды. Қазақстан электрондық сауда, кеден қызметтерінің тиімділігін бағалау, институционалдық дамудың жаңа парадигмасы, сондай-ақ 2025–2028 жылдарға арналған ДКҰ Стратегиялық жоспарын бекіту секілді басым бағыттарды талқылауға белсенді қатысты.

       Сессия Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры доктор Нгози Оконджо-Ивеаланың құттықтау сөзімен ашылды. Сонымен қатар, сарапшылар алаңдары ұйымдастырылып, ДКҰ-ның өзекті бастамалары талқыланды. Бразилия жыл сайынғы фотобайқаудың жеңімпазы атанды, ал Кеңестің жаңа төрағасы болып Нигерия Кеден қызметінің Бас бақылаушысы Башир Адевале Адений сайланды.

       Қазақстан үшін маңызды оқиға — 2023–2025 жылдарға арналған ДКҰ Саяси комиссиясындағы өкілеттігінің аяқталуы болды. Кеңес шеңберіндегі шешімдер нәтижесінде Қазақстан 2025–2026 жылдарға арналған ДКҰ Қаржы комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл еліміздің халықаралық кеден құрылымдарындағы белсенді ұстанымын және Ұйымды тиімді басқаруға қосатын үлесін айғақтайды.

       Халықаралық саудадағы тұрақсыздық жағдайында ДКҰ кеден әкімшілендіруінің тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін растады. Қазақстан жаһандық кеден күн тәртібін қалыптастыруға белсене қатысуға және орнықты, қауіпсіз әрі цифрлық сауда дәліздерін дамытуға үлес қоса беруге дайын екенін білдірді.

28 июня 2025
🎤Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің атқарып отырған баға жетпес еңбектеріңіздің арқасында ел азаматтары қоғамның түрлі салалары мен тыныс-тіршілігі туралы алғашқы жаңалықтармен сусындауда.

Шын жүректен құттықтаулар мен ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық, кәсіби өрлеу, жаңа идеялар мен жобалар, қызықты сюжеттер және шексіз шығармашылық табыс тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы