Меню
Страницы
Қызметі
Аймақтар
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
31 марта 2026
СӘИЖ СТК

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 31-наурыздан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» (270.00 СЕН) салық есептілігі нысанның жаңа нұсқасы қол жетімді екенін хабарлайды.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.

 

31 марта 2026
ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

       Құрметті салық төлеушілер!

      ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 31-наурызда сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.

     Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 31-наурызда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

     - 2026 жылғы 1-сәуірден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

    - 2026 жылғы 1-сәуірден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

      Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

31 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

   

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес   туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес 2026 жылғы 13 сәуірден  бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.

      Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, салықтық және кедендік  әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.)  2026 жылғы 13 сәуірге дейін sh.azbergenova@kgd.gov.kz. электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймын

       Сұрақтарыңыз болса 71-76-97 телефон номеріне хабарласыңыз.

30 марта 2026
Қашықтықтан семинар өтті

2026 жылғы 18 – 19 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен сәйкес келетін ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру (көліктік бақылау, санитариялық-карантиндік бақылау» тақырыбына  Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

 Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау саласындағы   НҚА-дағы өзгерістермен, сондай-ақ көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау функцияларымен таныстыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары  қызметкерлері қатысты.

           Дәріскерлер ретінде:  Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының сарапшысы – Әділ Саятұлы Боранбай; Автомобиль көлігі және көліктік бақылау Комитеті Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының маманы - Бекет Өмірбекұлы Ерсейтов; Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау бөлімінің басшысы – Динара Амантайқызы Адильханова;  ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы – Муратбек Сайлауович Альжанов қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 56 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.

 

30 марта 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 17-18 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің базасында  «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.

Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.

Күндізгі оқу семинарына «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Нұр Жолы» кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде;

- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;

          - S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - халықаралық заңгер - Имангалиева Рената Сериковна қатысты. 

Семинардың қорытындысы бойынша 15 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.

30 марта 2026
Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тарап (үшінші тараптар) арасындағы бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы бойынша

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) және үшінші тараптың бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы Келісімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2024 жылғы 26 желтоқсанда қол қойды.

Ол Одақ пен үшінші тараптың бірыңғай кедендік транзит жүйесі жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарын айқындайды және оны қолдану туралы Одақтың үшінші елдермен жекелеген халықаралық шарттарын жасасу үшін жағдайларды қамтиды.

Қазіргі уақытта Келісім ратификациялау рәсімінен өтуде. Келісім тұжырымдамасы Одақта кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың негізгі қолданыстағы тәсілдерін сақтауға және үшінші елдердің Одақтың транзиттік жүйесін пайдалану мүмкіндігіне негізделген.

Бұған мыналарды қолдану есебінен қол жеткізіледі:

- электрондық құжат түріндегі бірыңғай транзиттік декларация;

- кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы алымдарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудың бірыңғай қамтамасыз етілуін пайдалану;

- Одаққа мүше мемлекеттердің және үшінші тараптың уәкілетті экономикалық операторларына берілетін жекелеген арнайы оңайлатуларды қолдану;

- Одақтың кедендік аумағы және үшінші тараптың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың бүкіл жүру жолында олардың тасымалдануын қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану;

- кеден органдары қабылдаған шешімдерді және кедендік бақылау жүргізу нәтижелерін өзара тану.

Келісім нормаларын іс жүзінде іске асыру «көлеңкелі» тауар айналымына тиімді қарсы тұруға, бақылаушы қызметтердің іс-қимылдарын азайту, сондай-ақ бизнестің үстеме шығыстарын қысқарту арқылы тасымалдау рәсімін оңайлатуға және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумақтары бойынша тасымалдауды жүзеге асыру барысында кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде кеден органдары арасында заңды маңызы бар ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін тетік құрылды.

Ақпараттық алмасу шеңберінде Одақ құқығына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты жүргізілген барлық кедендік операциялар туралы ақпаратты беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, тауарларды тасымалдау кезінде оларды қадағалау бойынша ортақ процестерді іске асыру шеңберінде бақылаушы органдар, жүк жөнелтуші және жүк алушы көлік құралдарының жөнелтілген елден межелі елге дейін қозғалысы туралы ақпаратты ала алады.

30 марта 2026
АҢДАТПА!

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.

       Сұрақтарды алдын ала @press_kyzmet_kgd дайректіне немесе комментарияға 01 сәуір сағат 15:00-ге дейін қалдыруға болады.

        Өткізу уақыты мен орны қосымша хабарланады.

27 марта 2026
Аңдатпа

2026 жылғы 30 наурыз сағат 11:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Қазақстан–Ресей шекарасында «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін пайдалану тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Спикер – Байбозин Байдос, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқарма басшысының орынбасары.

 ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.

27 марта 2026
Қазақстан мен Тәжікстан салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

       2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Салық комитеті делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті.

      Сапардың мақсаты – салықтық әкімшілендіруді жаңғырту бойынша қазақстандық тәсілдерді, оның ішінде процестерді цифрландыру мен бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бағыттарын зерделеу және тәжірибе алмасу болды.

     Сапар бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесулер өтті.

      ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту озық тәжірибелерді енгізуге және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

      Қазақстан тарапы салық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, әкімшілендірудің сервистік моделіне және цифрлық шешімдерге басымдық берді.

     Талқылау барысында мына мәселелер қаралды:

  • салық заңнамасындағы өзгерістер;
  • кәсіпкерлерді әкімшілендіру тәсілдері;
  • жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және трансферттік баға белгілеу;
  • ірі салық төлеушілерді мониторингтеу;
  • салықтық аудит;
  • цифрландыру және ақпараттық жүйелерді дамыту.

      Цифрлық трансформация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Делегация Digital Silk Road базасында МКК-нің IT-шешімдерімен танысып, процестерді автоматтандыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған құралдар көрсетілді.

     Кездесулер ашық диалог форматында өтті, бұл тараптарға практикалық кейстерді, туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

     Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, заманауи шешімдерді енгізуге және екі елдің салық жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

27 марта 2026
МКК Бизнестің салықтық есебін жеңілдету үшін жаңа IT-шешімдерді талқылады

       20 наурызда Астанада Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ғимаратында салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу үшін цифрлық шешімдерді енгізуге арналған жетекші IT-әзірлеушілердің қатысуымен кездесу өтті.

      Кездесу МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтың басшылығымен өтті. Оған тауарлық-есептік жүйелерді және үш компонентті интеграцияланған жүйелерді әзірлеушілер, сондай-ақ бизнеске арналған автоматтандыру шешімдерін жеткізушілер қатысты.

     Негізгі міндет заманауи IT-шешімдерді енгізу және процестерді автоматтандыру есебінен салық есебін жүргізуді барынша оңайлату болып табылады.

      Жаңа тұжырымдама тауарлардың түсуі мен өткізілуін есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйелеріне бизнес-операциялардың толық циклін интеграциялауды, салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыруды, салықтарды уақтылы төлеуді көздейді.

      Болашақта мұндай жүйелер салық агентінің функцияларын ішінара орындай алады деп күтілуде. Бұл кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, есепке алу кезінде қателерді азайту, күнделікті операцияларды автоматтандыру.

     Кездесу барысында әзірлеушілер өз шешімдерінің ағымдағы мүмкіндіктерін және оларды дамыту бойынша ұсыныстарын ұсынды. Талқылауға «Тринити», «Учет.KZ», «Prosklad», «1С:Бухгалтерия», «Wipon», «UMAG», «Paloma365», «R-Keeper»  және нарықтың басқа да қатысушылары.

     Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен IT-сектор өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Оның міндеті техникалық және заңнамалық аспектілерді пысықтау және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жеңілдетуге бағытталған шешімдерді енгізу.

     Жаңа тәсілдерді іске асыру салық процестерінің көпшілігі автоматты түрде жүргізілетін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері