Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі-Комитет) бірлесіп Жамбыл облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бойынша күндізгі оқу коучинг-тренинг өткізді.
Тыңдаушылар ретінде МКД басқармаларының, бөлімдерінің басшылары, МКД басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Бағдарламаның мақсаты: стратегиялық жоспарлауды, көшбасшылық қасиеттерді, өзгерістерді басқаруды және кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимылды қоса алғанда, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту, бұл жұмыс сапасын арттыруды және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Коучинг-тренингке жаттықтырушы ретінде Оқу-әдістемелік орталығының лекторлары мен МКК қызметкерлері қатысты.
Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, команданы шабыттандыруға, ынталандыруға және басқаруға, коммуникацияларды дұрыс бағытта пайдалануға мүмкіндік беруді үйренді. Коучинг-тренингке қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучинг негіздеріне сүңгіп, басқарудың негізгі үлгілерін талдап, тиімді коммуникация дағдыларын пысықтады.
Семинарға қатысушылар тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар біліктілігін арттыру туралы сертификаттар алды.
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 01 сәуірдің сағат 17:00-ден 17:40-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділетті салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. 200-ден астам юрисдикцияның салық әкімшіліктерімен бірлесе отырып, ел аумағында қызмет көрсететін халықаралық онлайн-компаниялардың қызметі бақылауда.
Осы бағыттағы негізгі қадамдардың бірі – 2022 жылы цифрлық қызметтерге салық енгізу болды, ол «Google салығы» деген атаумен танымал. Бұл салық қазақстандық тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсететін халықаралық компаниялар үшін тең бәсекелестік жағдай жасайды және мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті арттыруға ықпал етеді.
Кімдер салық төлейді? Салық енгізілген сәттен бастап 105 шетелдік компания тіркелді. Олардың ішінде: Twitch Interactive, Inc. – қазақстандық геймерлер мен блогерлер арасында танымал ірі стриминг платформасы.
Take-Two Interactive Software, Inc. – Grand Theft Auto, Red Dead Redemption, NBA 2K сияқты танымал ойын франшизаларымен белгілі, әлемдік ойын индустриясының көшбасшыларының бірі.
InGroup International LLC (INCruises) – мүшелік жүйесі арқылы круиздік саяхаттарды ұсынатын халықаралық туристік компания.
1688.com PTE. LTD. – Alibaba тобына тиесілі, өндірушілер мен бизнес өкілдерін бүкіл әлем бойынша байланыстыратын ең ірі B2B маркетплейстердің бірі.
Нәтижесі қандай? Цифрлық қызметтер салығы енгізілген сәттен бастап Қазақстан бюджетіне 83 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл көрсеткіштер тиімді салық әкімшілігін жүргізу мен елдегі цифрлық экономиканың тұрақты өсіп келе жатқанын дәлелдейді.
Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық цифрлық платформалармен өзара әрекеттесу және салықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді жалғастырып, ашықтықты, әділетті салық салуды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуде.
2025 жылғы 27-28 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында МКД басқармаларының, бөлімдерінің басшылары, МКД басшылары мен орынбасарлары, кеден бекеттерінің басшылары мен орынбасарлары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша күндізгі оқыту форматында коучинг-тренинг өткізді.
Бағдарламаның мақсаты: стратегиялық жоспарлауды, көшбасшылық қасиеттерді, өзгерістерді басқаруды және кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимылды қоса алғанда, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту, бұл жұмыс сапасын арттыруды және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Коучинг-тренингті оқу-әдістемелік орталығының дәріскерлері Ж. М. Ислямова, А. Ж. Асылтасова, А. Мұхитқызы өткізді.
Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, команданы шабыттандыруға, ынталандыруға және басқаруға, коммуникацияларды дұрыс бағытта пайдалануға мүмкіндік беруді үйренді. Коучинг-тренингке қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучинг негіздерін, басқарудың негізгі үлгілерін талдап, тиімді коммуникация дағдыларын пысықтады.
Коучинг-тренингке қатысушылар коучинг қағидаттарына негізделген «5 жылдан кейін МКД көрінісі» тақырыбындағы жобаны сәтті қорғады. Өз презентациялары аясында тыңдаушылар ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуде коучингтік тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, дамудың стратегиялық бағыттарын ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамадан өтіп, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттар алды.
Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 4 шілдеден бастап, 2021 жылғы 5 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің №7 қаулысымен іске қосылған сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Мақсаттар мен ерекшеліктер. Жоба электрондық сауда тауарларын кедендік шекара арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен экспресс-жеткізілімдер арқылы әкелу кезінде кедендік әкімшілікті және тауарларды декларациялауды жеңілдетуге бағытталған. Оның шеңберінде электрондық сауда операторы ретінде «Қазпошта» АҚ әрекет етеді, ол тауарларды кедендік қойма (бонд қоймасы моделі) арқылы да, «тікелей» жеткізу кезінде де алушылар – жеке тұлғалар атынан кедендік декларациялауды жүзеге асырады.
Нормативтік база. Пилоттық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді:
- 45-1-тарау қосылып, электрондық сауданың тауарларын кедендік декларациялау және шығару ерекшеліктері белгіленді;
- 544-бапқа өзгерістер енгізіліп, пилоттық жобаның өткізу мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін шектелді.
Процестің дамуы және цифрландырылуы. 2024 жылғы маусымда шеңберінде «Қазпошта» АҚ-ның (Пошталық есеп жүйесі АЖ) және мемлекеттік кірістер органдарының («АСТАНА-1» АЖ) ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Бұл кедендік операцияларды айтарлықтай жеделдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Пилоттық ұзарту. Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны өткізу мерзімі 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Қазақстан Республикасы Заңымен ұзартылды. Осы заңға сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағында сыртқы электрондық сауда бойынша ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттама мен Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті актілері күшіне енгенге дейін жалғасады.
Ұзарту Қазақстанға кедендік әкімшілікті одан әрі цифрландыруға және сыртқы электрондық сауда қатысушылары үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен «Парад Ассамблеясы» халықаралық дағдарысқа қарсы конгресінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстандық оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі басқарушылар одағы» Өзін-өзі реттейтін ұйымның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында банкроттықтың қазақстандық моделі таныстырылып, халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды. Басты жетістіктер арасынан мына реформалар атап өтілді:
- оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшісін дербес кәсіп ретінде анықтау;
- Қазақстанның банкроттық саласындағы халықаралық реттеушілер қауымдастығының мүшелігіне кіруі;
- банкроттық рәсімдерін цифрландыру, оның ішінде әкімші үшін жұмыс орнын құру;
- жеке тұлғалардың банкроттық институтын, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мақсатында борышкер туралы ақпарат өңделетін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базаларымен интеграцияланған «Qoldau» ақпараттық жүйесін енгізу.
Кездесу, ағымдағы жылдың 16-18 қыркүйегінде Алматы қаласында жоспарланған «Дағдарысқа қарсы басқару – шекарасыз» атты ұранымен өтетін «Парад Ассамблеясы» халықаралық дағдарысқа қарсы конгресіне дайындықтың басты кезеңі болды.
Конгрес шеңберінде ТМД елдерінің банкроттық жөніндегі сарапшылары дағдарысқа қарсы реттеу саласындағы үздік тәжірибені талқылайды. Қазақстандық тарап бұл диалог алаңын озық халықаралық тәжірибені және банкроттық саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудің маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және есепке алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған тексеру іс шараларының нәтижелерін хабарлайды.
2024 жылы, алкоголь өнімдерін өндірушілер тарапынан ірі бұзушылықтар мен бірнеше маңызды оқиғалар тіркелді.
Олардың бірі — алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздерден 3 миллиард теңгеден астам сомаға жалтарғаны туралы деректер. Қазіргі уақытта салықтық тексеру жүргізілуде, оның нәтижесінде құқық бұзушы толық көлемде шығынды өтейтін болады.
Сондай-ақ, жүргізілген іс-шаралар барысында мемлекеттік кірістер органдары теневой нарықпен күрес аясында заңсыз акциздік өнімдерді анықтады, атап айтқанда:
Алкоголь: 2 462 тексеруде 1,9 миллион литрден астам заңсыз алкоголь өнімдері анықталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Темекі өнімдері: Тексеру нәтижесінде 116 заңсыз сауда жағдайы тіркеліп, 16,6 миллионнан астам контрафактілік темекі қорабы алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп.
Мұнай өнімдері: 480 теневой жанар-жағар май сату жағдайы анықталып, жалпы сомасы 7,9 миллиард теңге болатын 34,5 мың тонна мұнай өнімі алынды, сондай-ақ сот органдары заңсыз әрекеттерден түскен 591,4 миллион теңге табысты тәркіледі және 25,3 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті заңсыз акциздік өнім айналымына қарсы күрес жалғасын табатынын және акциздік тауарларды өндіру мен айналымын бақылау тек күшейе түсетінін атап өтеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауапкершілікке тартылатын болады.
2025 жылғы 20 наурызда Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасымен бірлесіп «Кеден» АЖ-да алдын ала ақпаратты кедендік әкімшілендіру және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органның қызметін дебюрократизациялау, экспресс – жүктер үшін кедендік декларацияны ұсыну процесін автоматтандыру, құжат айналымын жетілдіру және қысқарту, сондай-ақ бизнес – процестерді оңтайландыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
Уатканов Нариман – ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасы басшының орынбасары сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 226 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.
Криптовалюталар әлем бойынша қарқынды дамып, инвесторлар мен бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсынып келеді. Қазақстанда цифрлық активтерді өндіру (майнинг) жылдам өсіп келе жатқан салалардың біріне айналды, бұл мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды күшейтуді талап етеді.
Майнинг қалай жұмыс істейді? Майнинг – бұл қуатты есептеу жүйелерін пайдалана отырып, криптовалюта өндіру процесі. Арнайы жабдық күрделі математикалық есептеулерді орындайды, блокчейндегі транзакцияларды растайды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Майнерлер осы қызметі үшін криптовалюта түрінде сыйақы алады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде 75 майнер тіркелген. Соңғы үш жылда олардың қызметінен түскен салықтық түсімдер барлық салық түрлері бойынша 17,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде цифрлық майнингке төленетін алым – 11,6 млрд теңге.
2024 жылға арналған салықтық тексерулер барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, 4,9 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді, оның ішінде: 2,3 млрд теңге – цифрлық майнингке төлем, 2,6 млрд теңге – корпоративтік табыс салығы.
Цифрлық майнингке төлемді камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке қосымша 451 млн теңге түсті.
Сонымен қатар, криптовалютаны сатқан азаматтардың кірістерін төмендету фактілері анықталды. Нәтижесінде, оларға 4,3 млрд теңге көлемінде жеке табыс салығы қосымша есептелді.
Мемлекеттік кірістер комитеті криптоиндустрияны өндіруден бастап цифрлық активтерді сатуға дейінгі барлық кезеңдерде бақылау жұмыстарын жалғастыруда.