Меню
Страницы

Қазақстандағы Google салығы: Статистика, Төлеушілер және Экономикалық әлеует

Қазақстандағы Google салығы: Статистика, Төлеушілер және Экономикалық әлеует

 2022 жылы Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы елдердің бірі болып цифрлық қызметтерге «Google салығы» деп кеңінен танылған салық енгізді. Бұл салық қазақстандық тұтынушыларға цифрлық қызметтер көрсететін халықаралық компанияларға әділ салық салуға бағытталған. Салық енгізілгеннен сәттен бастап Қазақстан бюджетіне айтарлықтай кіріс түсіп, бұл кірістер жылдан жылға өсуде.

Салық түсімдерінің статистикасы

2022 жылы Қазақстан бюджетіне 10,4 миллиард теңге түсті.

2023 жылы түсімдер сомасы 24,3 миллиард теңгеге дейін өсті, бұл салықтың мемлекеттік бюджет үшін маңыздылығын көрсетеді.

2024 жылдың осы кезеңіне дейін 23,3 миллиард теңге түсім қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіштер енгізілген шаралардың тиімділігін растап, одан әрі өседі деп күтілуде.

Google салығы енгізілген сәттен бастап жалпы 58,1 миллиард теңге қамтамасыз етілді.

Ең ірі салық төлеушілер. Салық салуға жататын халықаралық компаниялардың ішінде цифрлық технологиялар мен медиа саласындағы жаһандық көшбасшылар бар. Бүгінгі таңда 80-нен астам халықаралық компания тіркелді, олардың ішінде:

  • Google: салық жарнамалық қызметтер көрсеткені, Google Play арқылы қосымшалар мен медиаконтент сатқаны үшін алынады.
  • Apple: компания iTunes және App Store арқылы контент сатқаны, сондай-ақ Apple Music және iCloud қызметтеріне жазылғаны үшін салық төлейді.
  • Netflix: салық ағындық бейне хабар тарату қызметтеріне қолданылады.
  • Amazon: Amazon Web Services (AWS) платформасы арқылы цифрлық тауарлар мен ашық қызметтерді сату салық салуға жатады.

Ағымдағы жылы салық төлеушілер тізіміне 21 компания қосылды. Олардың ішінде Temu, Garmin, Amazon, ИВИ сияқты халықаралық алпауыттар бар.

Экономикалық әлеует және жүргізіліп жатқан жұмыстар. Цифрлық қызметтерге салықты енгізу Қазақстанға тек салық базасын нығайтуға ғана емес, сондай-ақ жергілікті компаниялар үшін әділ жағдай жасауға да мүмкіндік берді, себебі олар бұрын халықаралық алыптармен тең емес жағдайда болған.

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты