Меню
Страницы

Қазақстан мен Өзбекстан шекара арқылы тауарлардың қозғалысын жеңілдету бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Өзбекстан шекара арқылы тауарлардың қозғалысын жеңілдету бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

 

     

2026 жылғы 5–7 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті, Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті және Халықаралық сауда орталығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Сапар барысында тараптар екі мемлекет арасындағы «Үзіліссіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру процестері мен тетіктерін талқылады.

«Үзіліссіз транзит» пилоттық жобасы серіктес елдердегі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялау процесін жеделдету мақсатында, серіктес елдерден келіп түскен экспорттық және транзиттік декларацияларды алдын ала ақпаратқа, содан кейін транзиттік декларацияға автоматты түрде түрлендіруді көздейді.

«Үздіксіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру тауарлардың кедендік шекара арқылы қозғалысын азайтып, жеңілдетеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 7 тамызда Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің делегациясы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-Жол» кеден бекетіне барды. Сапар барысында көршілес елден келген әріптестер жүктердің шекара арқылы өту процесін – яғни елге кіру мен барлық рәсімдерді (соның ішінде іргелес ведомстволардың тексерулерін) аяқтаудан бастап шығуға дейінгі кезеңдерді – бақылап, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, «Алтынкөл – Брест-Солтүстік», «Алтынкөл – Сарыағаш» және «Алтынкөл – Құрық» бағыттары бойынша үшінші елдерге тікелей транзитпен жөнелтілетін контейнерлік пойыздарды кедендік декларациялаудың толық автоматтандырылған процесімен танысты.

Тараптар «Үздіксіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру бойынша тұрақты негізде консультациялар өткізуге келісті.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты