Меню
Страницы

Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды

Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды

   

       2026 жылғы 30 маусымда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп Mybuh.kz "халық бухгалтері" ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында бизнес өкілдері, бухгалтерлік қоғамдастық және салық төлеушілер үшін ашық семинар өткізді.

       Іс-шара Мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогтың кезекті алаңына айналды. Оның негізгі міндеті-салық төлеушілерге салық заңнамасының жаңалықтарын түсінуге көмектесу, жаңа Салық кодексін қолданудың ең өзекті сұрақтарына практикалық түсініктемелер мен жауаптар алу.

       Семинар барысында қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және Мемлекеттік кірістер комитетінің заманауи цифрлық құралдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Электрондық сервистерді дамытуға, салық төлеуші кабинетінің жаңа мүмкіндіктеріне, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге және салық есептілігін автоматтандыруға бағытталған цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды.

     Семинардың тәжірибелік бөлігі ашық талқылау форматында өтті, онда қатысушылар кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын нақты жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен шақырылған сарапшылардан қажетті түсініктемелер алды.

      Мұндай іс-шараларды өткізу салық сауаттылығын арттыруға, жаңа Салық кодексінің нормаларын біркелкі түсінуді қалыптастыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты